Жұма, 22 Қараша 2024
1714 0 пікір 2 Мамыр, 2023 сағат 13:03

Жаңажол кен орнында өрт болып, 4 адам күйіп қалды

Ақтөбе облысының Жаңажол кен орнында газ зауытында өрт болып, 4 адам аурухана жатқызылды.

«Күйік шалған төрт науқас қазір Кеңқияқ ауылдық ауруханасында ем қабылдап жатыр. 32 жастағы М.Исаевтің денесін, 52 жастағы М.Қуаншалиевтің беті мен иығын, 56 жастағы Р.Рысбековтің денесін, 53 жастағы Б.Қойшеновтің қолын екінші және үшінші дәрежеде күйік шалған. Дәрігерлер оларды қалаға жеткізу жайын қарастырып жатыр»,-деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Болған өртке қатысты қазір  қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Жаңажол кен орнына барды. Онда жиын өткізіп, тексеру жүргізуді тапсырды.

«Өрт сөндірілді, оның салдарын тексеру керек. Қылмыстық істі тергеу кезінде әрбір жұмысшы қызметін тексеріп, тұжырым жасалуы тиіс. Болашақта мұндай жағдай болмас үшін жол картасы жасалуы керек», - деді Ералы Тоғжанов.

Өрт таңғы сағат 06:20-да толық сөндірілді. Қазір себептері анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317