Сенбі, 5 Қазан 2024
1508 4 пікір 2 Мамыр, 2023 сағат 13:14

Министр: «Қанттың 90%-ы шетелден тасымалданады»

Бұл туралы ҚР сауда және инвестициялар министрі – вице-премьер Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тоғыз атауы бойынша 16,2%-дан 55,9% - ға дейін импортқа тәуелділік бар және қант бойынша импортқа тәуелділік 90%-дан асады», - деді министр.

Оның сөзінше, Қазақстан негізінен тауық еті, ірімшік пен сүзбе, сары май мен күнбағыс майы, макарон және маусымаралық кезеңде – қырыққабат пен пияздың импортына тәуелді.

Бұған дейін президент Тоқаев Қазақстанда инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, мұны ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының нашар дамуынан көрген.

«Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз»,-деген болатын президент.

 

Abai.kz

4 пікір