Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2768 5 пікір 5 Мамыр, 2023 сағат 13:32

Қазақстан Ресейге салынған санкцияны орындауы керек!

Қазақстан Ресейге салынған халықаралық сауда санкцияларын орындауы керек. Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Азат Перуашев жариялады. 


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә.Ә. Смайыловқа

Өткен аптада бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-тың Қаржы және сауда министрліктері мен Ұлыбританияның Санкциялар басқармасы делегациясының Ресейге қарсы шараларды айналып өтуге көмектескені үшін қазақстандық компанияларға Украинада соғыс басталғалы бері халықаралық қауымдастық енгізген қайталама санкциялар қолдану қаупі артқанын мәлімдегені туралы хабарлады.

Атап айтқанда, халықаралық серіктестер Қазақстаннан Ресейге электроника экспорты көлемінің 22 есеге күрт ұлғайғанына күмән келтіреді, мұны олар үшінші елдерден санкцияланған өнімдерді «параллельді импорт» және жалған транзит жолымен жасырын ре-экспорттау, яғни, Еуропадан келетін тауарлар біздің елге жетпестен, ресейлік компаниялар түріндегі түпкі тұтынушыларға жарты жолда «қайта сатылу» тәжірибесімен байланыстырады.

Сонымен қатар, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық пен әлемдік қауымдастық енгізген сауда шектеулерін сақтауды жақтайтынымызды бірнеше рет растады.

Аталған делегацияның, атап айтқанда, АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг пен АҚШ Сауда министрінің көмекшісі Мэттью Аксельродтың мәлімдемелері БАҚ-та екіұдай мағынада таралғанына байланысты және қайталама санкциялар салынған жағдайда экономикамызға, бизнесімізге және жалпы өмір сүру деңгейіне үлкен экономикалық зиян келетінін ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы халықаралық санкцияларды мүлтіксіз орындап, сонымен қатар, келесіні хабарлауды сұраймыз:

1) Аталған делегация біздің елге қандай да бір практикалық талаптар қойды ма, атап айтқанда, халықаралық шектеулерді бұзған нақты қазақстандық компанияларды немесе банктерді атап өтті ме?

Аталған болса, мұндай заңбұзушылықтарға қандай компаниялар жол берген және оларға қатысты тергеу жүргізіле ме?

2) Ресей Федерациясымен саудада халықаралық санкцияларды сақтау бойынша Үкімет тарапынан қандай нақты шаралар қабылдануда? Соның ішінде, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемі мен экономикалық байланыстардың ауқымын ескере отырып, ірі бизнес пен ШОБ деңгейінде санкцияланған тауарлардың тізбесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге байланысты.

3) Сондай-ақ, сауда-экономикалық қарым-қатынастардың ауқымын ескере отырып, үкімет Ресеймен саудада көрсетілген шектеулерден Қазақстан экономикасына келетін потенциалды шығынды есептеді ме, есептелсе, үшінші елдермен мұндай шығынды өтеу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр ма?

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракция депутаттары

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371