Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2812 0 пікір 8 Мамыр, 2013 сағат 07:07

Шәріпхан Қайсар. Астанада тағы 50 өрт сөндіруші жұмыссыз қалды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық заңнаманың керағар әрі әділетсіз мазмұнының кесірінен Астананың өртін кешіп, отын сөндіруші ретінде шыныққан 50 адам жұмыссыз қалды. Бұлар да - «жемқорлар»! Сөйтіп, астаналық қаржы сақшыларының «қырағылықтары» күннен күнге нығайа түсуде.

Бұған дейін жұмыссыз қалған Төтенше жағдай саласының  66 маманы әлі тентіреп жүр. Жуырда «Біз - жемқор емеспіз, еңбекшіміз!» деген ұранмен бой көрсеткен олардың дауысы ешкімнің назарына да, құлағына да жете қоймады. Тек қана Мемлекеттік қызмет агенттігінің басшысы Әлихан Бәйменов шығарып салма жауаппен «Әрқайсысының ісін жеке қараймыз, бірақ бұлар мемлекеттік қызмет саласына жатпайды, құқыққорғаушыларға жатады» дегендей уәж келтірді. Енді бұл топқа тағы  50 жұмыссыз қосылды. Бұл «жемқорлар» енді қазақстандық нағыз «әділ» заң бойынша  үш жылға дейін табыс декларациясын тапсыруға міндетті және олар бұл салада жұмыс істей алмайды және өрт сөндірушілер білігі ешбір салаға жарамайтын болып шықты. Демек оларды басқа мамандық алу «бақыты» тағы күтіп тұр.

Бізге жеткен дереккөз мәліметіне қарағанда, Астанада 1100 өрт сөндіруші маман бар, солардың 90 пайызы аталмыш «жемқорлықпен» шұғылданады, яғни, олардың екінші не үшінші жұмыстары бар. Ендеше бұлардың орнын өңірлерден тентіреген өрткештер мен ТЖ саласынан білім алған шикіөкпе жастар иеленіп, бас қаладағы баспанасыздар мен аталған «жемқорлар» санын молайта түсетіні сөзсіз. Ал, білік аттестациясынан өтпеген бұл «мамандар» астана өртін қалай сөндіретінін ТЖ министрі Божкадан ғана білу қалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371