Сенбі, 23 Қараша 2024
2622 3 пікір 5 Мамыр, 2023 сағат 16:31

Ақмола облысында тағы бір ауылдың аты қазақшаланады

Ақмола облысындағы Кировское ауылын Қаражон деп қайта атау жоспарланып отыр, деп жазады informburo.kz.

Бұл туралы ашық НҚА порталында жарияланған Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімінің жобасынан белгілі болды.

"Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округіне қарасты Кировское ауылының атауы Қаражон ауылы болып өзгертілсін. Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", – делінген құжат жобасында.

Ақмола облысында ауыл атауларын қазақшалау қарқынды жүріп жатыр. Аз уақыт бұрын Ерголка ауылдық округі Тоқтамыс, ал Карамышевка ауылдық округі Шұбарағаш деп қайта аталған болатын.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371