«ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮШТІК» ҚАЗАҚСТАННАН КЕТЕ МЕ?
Батыс пен шығыс басылымдарының басты тақырыбына айналған қазақстандық олигархтардың бизнес бағыты әлі де қызу талқыда. Газетіміздің өткен номерінде «еуразиялық үштіктің» Лондон сотында ENRC директорлар кеңесімен тергеу жүргізіп жатқаны туралы «ENRC Лондонға неге жақпады?» атты мақала басылған еді. Бүгінде «еуразиялықтар» қажет болса Қазақстан кеңістігінен біржола кетеміз дегенді айтып қалды.
Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов және Александр Машкевич ENRC корпорациясынан өзге Еуразия сақтандыру компаниясы мен Еуразия банкінің де толық қожайындары. Жуырда осы олигархтар «Экспресс К» газетіне берген сұхбатында қажет болса, бизнес-активтерін сатып, елден кету қиын емес деген мәселенің шет жағасын шығарды. «Елден кетеді» дегенге сену қиын, әрине. Өйткені олардың бизнесі де, бала-шағасы мен үй-жайы Лондонға көшкелі қашан. Ал Қазақстандағы кәсіпкерлік өзінен-өзі жүріп жатыр, пайданың басым бөлігі өздерінде. Ендеше, оны сатуына не жорық?

Сонымен «Экспресс К» газетіне Патох Шодиев пен Алиджан Ибрагимов соңғы кездегі даулы жайттарға қатысты өз пікірлерін білдірген. «Еуразия банкін сата алмайды деп ойлайсыз ба? Бұл - бизнес емес пе? Егер біреу ұтымды нарықтық баға ұсынса - сата саламыз. Бірақ қазір емес, өйткені әзірге жақсы ұсыныс түскен жоқ. «Еуразия» сақтандыру компаниясын да кез келген уақытта сатуға болады. Ол үшін бірнеше себеп болуы керек, яғни табыс немесе қажеттілік, келешектің қамы деген сияқты. Бүгінде мұндай қажеттілік жоқ, өйткені бағасы төмен, нарық та әлсіз. Егер кімде-кім сатып алу туралы ұсыныс түсірсе, қарастыруға дайынбыз», - деді Шодиев мырза.
Десе де, Қазақстандағы кәсіп көзі олар үшін соншалықты маңызды емес сияқты. Бірақ дәп осы қазақстандық нарықтың арқасында олигарх атанған мырзалар Лондондағы активтерінен маңызды ештеңе жоқ деп отыр. ENRC акцияларын сату тіпті ойымызға да кірмепті дейді олар. ENRC-дағы үлес сатылмайды деп кесіп айтты. «Міне, қараңыз, - дейді ол сұхбатында. - Міне, Лондон қор биржасындағы ENRC акцияларының курсы. 2007 жылы IPO сатылымға шығарғанда компания акциясының құны - 5,4 фунт стерлинг болатын. Ал 2008 жылы ең жоғарғы курс тіркелді, ол 15 фунттан асты. Біз сол кезде-ақ өз үлесімізді сатып, мол пайдаға кенелер едік. Немесе 2010 жылдың тамыз айында акция 12 фунтқа шықты. Бұл кезде де тиімді сатуға болар еді. Сол сияқты былтырғы жылы 7 фунт стерлинг болғанда сатсақ та, үстіне қосылған 2 фунт қыруар пайда түсірер еді. Бірақ біз сатқан жоқпыз. Бұл бизнестен кетпегеніміз, оның біз үшін өте маңызды екенін білдірсе керек», - деді Ибрагимов мырза. Ал үштіктің адуындысы Машкевич мырза тіпті қысқа қайырды: «Бәрі түсінікті. Біз Қазақстандағы бизнесті ешқашан жаппаймыз», - деді ол. Бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде ол: «Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Акцияларымның пакетін Glencore компаниясына сататыным туралы да, жалпы акцияларымды сататыным туралы ақпарат та. Тағы бір баса айтамын: ENRC-дегі акциялар пакетін сатпақ жоспарым жоқ. Мен бұл бизнестің (ENRC) негізін қалауға белсенді қатысқанымды мақтаныш етемін және компаниямен жұмысымды ары қарай жалғастыратынымды мәлімдеймін. Мен ENRC-ді керемет компания деп есептеймін. Ең алдымен, мен оны қазақстандық табыстың үлгісі деп атар едім. Корпорацияның шексіз әлеуеті бар! Және бұған менің тікелей қатысымның барына мақтанамын. Бұл компаниядан кетпек ойым да жоқ. Бұл, біріншіден. Екіншіден, Қазақстан - менің өмірімнің бір бөлігі, осында жұмыс істегеніме 20 жыл болды. Республиканың табыстарына менің де қатысымның барын мақтан етемін» деп компанияның өзі үшін маңызы зор екенін ашық білдірген болатын. Ал осы үштіктің директорлар кеңесімен жиі араздасып, ұжымдық тұрақсыздықты жасап отырғанын әлем сарапшылары теріс бағалап отыр. Ұжымның жиі ауысуын Машкевич мырза былай түсіндірген еді: «Біздің ортақ пікірімізше, ENRC-дің директорлар кеңесі қауқарсыз болды. Оның бұрынғы құрамдағы қызметінің нәтижесі ретінде акциялардың жеңілдікпен саудаланғанын, әлі де солай саудаланып жатқанын айта аламын. ENRC сияқты әлеуеті бар компания үшін мұндайға жол беруге болмайды. ENRC-дің директорлар кеңесі әрбір тәуелсіз директор компанияның гүлденуіне көбірек пайда әкелетіндей қысқартылып, қайта құрылымдануға тиіс. Мен бірнеше айдан бері осыны айтып келемін. Жыл сайынғы жалпы жиналыстан кейін компания Ұлыбританиядағы ұжымдық басқарудың үздік тәжірибесіне сәйкес келетін басқаруды қамтамасыз ете алатын тиімді құрылым құру мақсатымен өзінің ұжымды басқаруын мұқият зерттей бастады. Біз, компанияның құрылтайшылары осыны талап етеміз. Компания талдаудың нәтижесін қыркүйек айында жариялайды. Мені қабылданған шешімді талқылау кезінде британдық БАҚ-та пайда болған қателіктер мен қате түсініктерге толы пікірталастың көп болғаны ғана өкіндіреді. Екі директорды жұмыстан босатқаныма еш өкінбеймін», - деді ол.
"Түркістан" газеті