Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Ақмылтық 2754 13 пікір 15 Мамыр, 2023 сағат 13:32

Түркиядағы сайлау: Келесі президент кім болады?

Кеше, 14 мамырда Түркияда президент және парламент сайлауы өтті. Оның басты фавориттері қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған мен оппозициялық коалиция өкілі Кемал Қылышдароғлы болды. Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша ешбір кандидат 50 пайыз дауысты жинай алмады. Сондықтан ел басшысын сайлаудың екінші туры өтуі мүмкін.

Президент сайлауына 4 кандидат түскен: Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған – 49,36%, оппозиция өкілі Кемал Қылышдароғлы – 44,99%,  «Альянс АТА» саяси блогының жетекшісі Синан Оган 5,21% дауыс жинады. «Мемлекет» партиясының атынан түскен Мухаррем Инже 11 мамыр күні үміткерліктен бас тартқан.

Синан Оган президент сайлауындағы басты аутсайдер, оның рейтингі дауыс беру барысында 5% - дан аспайтыны белгілі болған. Саясаткер бұрын Ердоғанмен одақтасқан Ұлтшыл қозғалыс партиясының (MHP) депутаты болған. Қазір Синан Оган оппозициялық үміткер Кемал Қылышдароғлыға дауысын беретінін айтты.

Түркиядағы президент сайлауын сарапшылар «тарихи оқиға» деп атап жатыр. Өйткені Ердоған басқарған 20 жылда алғаш рет оппозициялық кандидаттың жеңу мүмкіндігі туды.

Түркияның президент сайлауындағы басты қарсыластар Режеп Ердоған мен Кемал Қылышдароғлы.

Қылышдароғлы ел басшылығына келген жағдайда Орталық банктің тәуелсіздігін қалпына келтіріп, Ердоғанның монетарлық саясаттағы ставкалармен «күресіне» біржола тоқтау салатынын айтты.

Республикалық Халық партиясының (CHP) жетекшісі мыңдаған тұтқынға рақымшылық жасауға (олардың арасында күрд көшбасшысы Селахаттин Демирташ та бар) сөз берді. Ол Ердоғанның супер президенттік жүйесін тоқтатып, ел басқаруды парламенттік режимге көшіретінін мәлімдеді.

Түркияны 20 жылдан бері басқарып келе жатқан Режеп Тайып Ердоған сайлауда жеңіске жеткен жағдайда тағы 2028 жылға дейін билік басынан кетпейді. Оның бағдарламасында республиканы саяси ислам жолымен әрі қарай дамыту мен өршіп тұрған экономикалық дағдарысты тежеу туралы айтылған. Дегенмен Ердоған басқарып отырған түрік елін бүгінде қымбатшылық жайлаған. Былтыр инфляция 85%-дан асты. Түрік лирасы әлемдегі ең тұрақсыз валютаға айналды.

Ердоған билік партиясы – «Әділет және даму партиясының (ПСР)» штаб пәтерінің балконында тұрып өз жақтастарына:

«Бірінші турда 50 пайыз дауыс жинай аламыз. Шетелден дауыс берген азаматтардың дауысы әлі саналып біткен жоқ», - деп бірінші турда жеңіске жететініне сенім білдірген болатын.

Оның қарсыласы Кемал Қылышдароғлыекінші турда жеңіске жететініне сенімді екенін айтты.

«Балконнан сөйлеп сайлауда жеңіске жете алмайсың. Екінші тур жарияланса, біз міндетті түрде жеңеміз. Қоғамның өзгеріске құлшынысы 50 пайыздан жоғары», - деді саясаткер.

Сауалнамалар нәтижесі халықтың көпшілігі Ердоғанды емес Қылышдароғлыды жақтайтынын көрсеткен.

Бірінші турдың нақты нәтижесі 19 мамырда ресми газетте жарияланады. Сайлауға халықтың 87,56% қатысқан, бюллетендердің 99,05% саналды.

Қазір көптеген сарапшылар мен журналистердің көкейінде бір сұрақ тұр: Түріктер сайлау нәтижесіне сене ме?

Парламенттік сайлауда 95% дауыспен Ердоған басқаратын «Әділет және даму партиясы (ПСР)» көш бастап тұр.

Айжан Темірхан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516