Дэн Сяу пин. Қарттықтың артықшылығы бар. Осалдығы да болады
(04.09.1989)
Бүгін, негізінен, менің қай кезде, қалай зейнетке шығуым туралы ақылдасамыз.
Зейнетке шығуын шығатын болдым. Бұл өте пайдалы. Егер зейнетке шықпай, қызмет орнымда қайтыс болсам, дүние жүзінде қандай сөз болатыны туралы бірдеңе деу қиын. Егер, зейнетке шықсам, жұмыс істемеймін. Бірақ, көзім тірі тұрған соң, қалайда азды-көпті қызмет атқаруым мүмкін. Өйткені халықаралық деңгейде мені білетіндер аз емес. Белгілі дәрежеден айтқанда, бұл олардың Қытаймен қатынасына ықпал жасайтын факторлардың бірі. Бұған не амал бар?! Қытайдың қауіпсіздігін ойлағанда, қазір зейнетке шығу ісі қызмет орнымда қайтыс болғаннан пайдалы деп білемін.
Зейнетке шығу жөнінде бекімге келгеніме бірнеше жыл болды. Көп рет айтып та келдім. Шын көңілім сол. Байқаймын, зейнетке шығудың бір лайықты кезін күтейін десем, күте алатын емеспін. Әр жолы оған мойын бұрғызбайтын бір фактор табыла кетеді екен. 13 құрылтайда жартылай зейнетке шықтым. Бірақ, қазірге дейін, сол кезде біржола шығып кетсем болған екен деп ойлаймын.

Басшылық алқасының жасырақ адамдардан болуына назар аударған жөн... Өзіміз баулып шығарған, бізден саяси тәрбие алған адамдар көп. Адам таңдағанда бәрін бірдей партия жүйесінен таңдамаған жөн. Көз аямыз кеңірек болсын. Қысқасы жастардан болғаны жөн. Өйтпегенде істің жалғасуы қиын болады. Бұл жолғы тұрақты комитет мүшелерінің ішінде қарттар да, жастар да, жасамыстар да бар. Сол кезде мен: «қайткен күнде де, реформа жасайтын, есікті ашық ұстайтын бейнемен көріну керек. Бұл төтенше маңызды» деген едім. Қазіргіден қарағанда, біздің орталық комитеттің төртінші жалпы мәжілісінде сайланып шыққан жаңа адамдар жөнінде, жаңа басшылық алқасының сонан бергі жұмыстары туралы сыртта да, ішкі жақта да, бері айтқанда, жаман сыбыс жоқ. Сенімді сезінушілік бар. Бұл сенім жаңа басшылық алқасының халықтың сеніміне және халқаралық сенімге ие бола алатынын дәлелдейді. Егер, оның үстіне, біз секілді адамдар зейнетке шығып кетсек, жұрт тағы да екі-үш ай немесе жарты жыл байқап, біздің жағдайымыздың шынайы орнықты екенін, тыныш-ынтымақты саяси жағдай орнағанын; Қытайдың үздіксіз дамып, бұрынғы ұстаным, бағыт, саясаттардың жалғасты атқарылып жатқанын көрген кезде, біз сияқты адамдардың ықпалы бара-бара жойылады. Жойылғаны жақсы!
Бұл жолғы оқиға (1989 жылғы Тян-анминдегі студенттер ереуілі) туылған соң, мен дереу зейнетке шықсам болмас деп ойладым. Қазір үш ай өтті. Егер Орталық комитеттің бесінші жалпы мәжілісінде ресми ұйғарым жасалса, оған дейін де бір жарым ай уақыт бар. Төрт-бес айға дейін саяси жағдай біршама тынышталып қалады. Мұның өзі орай.
«Менің ең соңғы рөлім зейнеткерлік түзімді бастамашылдықпен орнату болуы мүмкін» деп мен бұрын көп айтқанмын. Зейнеткерлік өмірді қалай өткізуді аз-аздап үйреніп жүрмін. Ондаған жылдар тізгін ұстаған адамға қызметтен біржола қол үзу үшін қалайда бір барыс керек. Партияның келесі құрылтайында Ақылшылар комитетін жойып, зейнеткерлік түзім жүргізгеніміз жөн. Менің зейнетке шығу уақытымды Орталық комитеттің бесінші жалпы мәжілісінде тұрақтандырсақ болар ма екен?! Әрі-сәрілікпен бірнеше жыл өтті. Кешеуілдетіп алдық. Кәріліктің кәрілікке қарай артықшылығы бар. Соған қарай осалдығы да болады. Адам қартайған соң миыңның қай күні істемей қаларын білмейсің. Дене қуаты да белгілі дәрежеге жеткен соң әлсірейді. Тәбиғат заңы - өзгермейтін заң! Басшылық жігі де ұдайы жаңаланып отырады. Зейнеткерлік түзім орнағаннан кейін, басшылық жігінің өзгеруі мен ауысуы оңайырақ болады. Бұл істі осылай тұрақтандырайық. Бұл - бірінші мәселе.
Екінші мәселе - зейнетке қалай шығу мәселесі.
Мен Яң Шаңкүн жолдаспен бұл жөнінде әңгімелескенмін. Неғұрлым қарапайым болса, солғұрлым жақсы. Зейнетке шыққандардың еңбегі мен кісілігін жырлай жөнелуді дағдыға айналдырудың шынында қажеті жоқ. Сенің бүкіл өміріңді қалай өткізгеніңді, сенің партия ішінде ондаған жылдар істегеніңді жұрт көріп отыр. Олардың бұл жөнінде обиктивті бағасы да бар. Мен ары ойлап, бері ойлап көрсем, қарапайымдау болған, оның үстіне, менен бастап қарапайымдау болған тіпті де тиімді болатын сияқты. Ада-күде, жеңіл, қарапайым болғаны дұрыс. Егер, Орталық комитет менің өтінішімді бекітсе, бірнеше ауыз сөз сөйленсе болғаны. Бір елдің тағдырын бірер адамның бет-беделіне байлап қою - аса қалыпсыз құбылыс екенін көп айтып келемін. Ал, зейнетке шығу орайымен еңбегі мен кісілігін тағы бір рет жырлаудың да ешбір пайдасы жоқ. Мұнан өзге де формалар бар. Мәселен, аза білдіру жиналысы - қаралы жиын соншама көп ашылады. Оған жұмсалатын адам күші мен зат күші де аз емес. Оны да қарапайымдастыруға болады. Бәрі ондаған жылдар төңкеріс жасаған адамдар. Шынында бәрінің сіңірген еңбегі бар. Ішінара ағаттықтардан да аулақ емес. Алайда, ылғи сіңірген еңбегі ғана айтылады. Мен шетелдіктердің менің өмірбаянымды жазу жөніндегі талабынан көп рет бас тарттым. Егер, өмірбаяныңда еңбегің ғана айтылып, ағаттығың айтылмаса, оның өзі де мақтанғандық. Оның не қажеті бар?!
...
Маған баға бергенде тым әсірелеуге, салмағын асырып жіберуге болмайды. Кейбіреулер мені төраға Маодан жоғары қойып жүр. Мұнысы дұрыс емес. Мен мұндайдан қатты қорқамын. Даңқыңның тым асып кетуі де жүк. Менің зейнетке шығуым қарапайым жолмен болсын. Мен қайтыс болғаннан кейінгі жерлеу салты да қарапайым өткізілсін!
«Дэн Сяу пин мақалаларының таңдамалылары» (570-бет)
Ықшамдалып алынды.
Ұлттар баспасы «Бежиң)
Дайындаған: А. МҰҚАБАЙ
Abai.kz