Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2345 0 пікір 15 Мамыр, 2013 сағат 06:51

Дінмұхамед Аязбеков. Біз неге жеңілдік?

Осыдан бірер жыл бұрын қазақтілділер мен орыстілділердің арасында мемлекеттік тіл туралы заңға қатысты ақпараттық шайқас болған еді. Әлі қабылданбаған заңға бола орыстілді ағайындар өре түрегеліп, жұдырықтай жұмылып, министрлікті қорқытып, үркітіп, мемлекеттік тілді үйренуге уақыт сұрап, қатты наразылық білдірді. Шыны керек, аталған жайт қазақтілділердің әлсіздігін әшкерелеп берді. Мәдениет министрлігі «2013 жылдан бастап барлық іс-қағаздар қазақ тіліне көшіріледі» деген болатын. Хош дейік, 2013 жылдың бесінші айын өткеріп жатырмыз. Министрлік орыстың ашу-ызасынан сескенген сияқты, берген уәделерінің орындалып жатқанын байқалмайды.

Министрлікті  қоғам қолдауы керек

Осыдан бірер жыл бұрын қазақтілділер мен орыстілділердің арасында мемлекеттік тіл туралы заңға қатысты ақпараттық шайқас болған еді. Әлі қабылданбаған заңға бола орыстілді ағайындар өре түрегеліп, жұдырықтай жұмылып, министрлікті қорқытып, үркітіп, мемлекеттік тілді үйренуге уақыт сұрап, қатты наразылық білдірді. Шыны керек, аталған жайт қазақтілділердің әлсіздігін әшкерелеп берді. Мәдениет министрлігі «2013 жылдан бастап барлық іс-қағаздар қазақ тіліне көшіріледі» деген болатын. Хош дейік, 2013 жылдың бесінші айын өткеріп жатырмыз. Министрлік орыстың ашу-ызасынан сескенген сияқты, берген уәделерінің орындалып жатқанын байқалмайды.

Министрлікті  қоғам қолдауы керек

Естеріңізде болса, Мәдениет министрлігі игі бастама көтеріп, «ҚР-ның кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк тiл саясаты мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын қабылдамақшы болып жүргенде орыстілділердің қатты қарсылығына ұшырады. Заң бойынша 2013 жылдың қаңтарынан бастап, мемлекеттiк қызметке қабылдау туралы өтiнiш тек қазақ тiлiнде толтырылып әрi осы жылдан бастап мемлекеттiк органдар мен жекеменшiк мекемелерде iс-қағаздары тек қазақ тiлiнде жүргiзiліп, мемлекеттiк қызметкерлер мен полицейлердi, әскерилер мен сот орындаушыларын, мұғалiмдер мен дәрiгерлердi басқа да бюджеттiк сала қызметкерлерiн және мемлекеттiң қатысы бар компания қызметкерлерi қазақ тiлiнде сөйлеуге мiндеттемек болған еді. Алайда, БАҚ-ғы у-шудан соң, Мәдениет министрлігінің қарқыны су сепкендей басылды. Кейіннен  министрліктің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева: «Соңғы уақытта тiл туралы заң жобасына қатысты көптеген мәселелер туындап отыр. Тоқтала кететiн жайт, интернет-ресурстардың бiрiнде интернетте сiлтеме жасалып жүрген заң жобасы Үкiмет пен Парламентке ұсынылатын соңғы нұсқа емес. Бұл барлық мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге жолданған заң жобасының қарапайым жұмыс мәтiнi ғана. Бұл мәтiн Әдiлет министрлiгiнiң ведомствоаралық комиссиясынан да өткен жоқ» - деп кесіп айтқан еді. Ал, ҚР мәдениет вице-министрi Ғазиз Телебаев: «Бұл әлi күнге дейiн дайын жоба емес. Әйтсе де заң жобасы қабылданады және оның концепциясы өзгермейдi. Өйткенi, аталған заңның қажеттiлiгi бәрiмiзге аян. Тiлге қажеттiлiк тудыру мақсатына бiз осыған жетуiмiз керек... Заң жобасына қарсы шыққандарға түсiндiре айтуымыз керек. Менiң түсiнбейтiнiм, сайттағы қазақ азаматтары неге оларға ұрсып, яки қарсы шығып емес, жай ғана түсiндiрiп айтпайды. Елiмiзде «көпұлттылықтан» кейiн ең көп «түсiндiрiлген» мәселе қазақ тiлiнiң ауыр хал-ахуалы екенi екi бастан аян. Ендiгi кезекте оны мыжи берудiң еш қажетi жоқ» - дейді де, Ресей мен Латвияның, Молдова мен Эстонияның, Грузия мен Қырғыз Республикасының тiлге байланысты заңынан үзiндi келтiріп: «Бiз жаңадан велосипед ойлап тауып отырған жоқпыз», - деген тұжырымға келеді. Алайда, велосипед ойлап табу былай тұрсын, сол өзге елдердің тәжірибесіне сүйеніп жасалған заң конститутциямыға сол бойы енгізілмей қалды. Басты себеп, орыстілділердің басымдылығына келіп тіреледі. Расында, өз елімізде өзіміздің құқығымызды таптатып қоя бермекпіз бе?

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк тiл саясаты мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын қолдауда бізге бірлік жетпеген рас. Бірер газеттердің бетінде орыстілділерге қарсы жауап ретінде мақалалар жарияланғанымен, олардың әрқайсысы әртүрлі деңгейде болып, бірлестіктері байқалмады.  Өкiнiшке қарай, интернет-форумдағы жан алысып, жан берiскен соғыста қазақ тiлiнен гөрi орыс тiлi үстем түседі. Мәдениет министрлiгiнiң мамандары әзiрлеген заң жобасына орыс тiлдiлердiң осқырына қарауы билiктiң берекесiздiгiнен болып отырғандығы да жасырын емес. Жиырма жылдан астам уақытта ұлттың ең басты мәселесi - тiлдi мәселесін шеше алмай жалтақтауымыз осыған дәлел. Өзгелердiң қит етсе ұлардай шулап сала беруiне, ең алдымен, өзiмiз де кінәліміз. Билiк өз алдына бір басқа, биліктің істей алмағанын халық болып жұмыла істеуімізге де болар еді.

Кезекті бір сұхбатында жауапты хатшы Жанна Құрманғалиева: «Зиялы қауым және ұлттық ұйымдарға, сондай-ақ қазақ тiлiнiң сойылын соғып жүрген жастарымызға айтар бiр назым бар. Мемлекеттiк тiлге келгенде ең бiрiнiшi билiктi сынаймыз, зарлаймыз, жылаймыз. Жиырма жылдан астам уақытта тiлiмiздiң көсегесi көгермедi деп. Әйтсе де ашық пiкiр таласта орыстілділердің түсiнбеген жерлерiн түсiндiрiп, ұқпаған жерлерiн ұқтыруға билiктi сынайтын қауым бармайды. Осы бес күннiң iшiнде орыстiлдi интернет-ресурстарда бес мыңнан астам пiкiр бiлдiрiлдi. Бiздiң бiрде бiр қазақтiлдi БАҚ аузын ашқан жоқ. Не бұрыс немесе дұрыс деген жоқ. Сын көзiмен тасадан «Мәдениет минстрлiгi не iстейдi екен» деп қарап отырды» - дейді. Расында, жауапты хатшының сөзінің жаны бар. Біз жаппай, бір ауыздан мемлекеттік тілге қатысты заңды қолдағанда, бәріміз бірдей БАҚ-та пікір білдіргенде, мүмкін заң қабылданар ма еді?

Биылдан бастап барлық iс-қағаздар қазақ тiлiне көшiрiлуі мүмкін еді. Дегенмен, осылайша орыстілділердің үлкен қарсылығына ұшырап, заң жобасы сол бойы қалып қойды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, мемлекеттiк органдарда ресми тілдің қолданылуы сол баяғы 80-90 пайыз болса, мемлекеттік тілдің қолдану аясы небәрi 10-20 пайызды ғана құрап тұр. Ал, кейбір шенділеріміз мемлекеттік тілде іс-қағаздардың жүргізілуі 40%-ға жеткенін айтады. Алайда, бұл нақты емес. Елдегі мемлекеттік тілге байланысты берекесіздікті сейілту үшін бұл мәліметті жалған жариялай салуы мүмкін.

Заңның қабылданбауы үшін орыстілділер не істеді?

 

Орыстілділер өздерінің бірліктерінің қаншалықты мығым екенін көрсетіп берді. Интернет-порталдар былай тұрсын, басылымдарының өзі бұл мәселені шет қалдырған жоқ. Ең алдымен,  олар БАҚ пен ғаламтор беттеріндегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты қызу пікірталасты туғызды. Орыстілді БАҚ-тың көптігін ескеріп, барлығы бір ауыздан оған қарсы шықты. Әсіресе, баспасөз беттерінде бір кісідей бірлік танытып, қоғамдық комиссия қолындағы бұл заң жобасына белсенді қарсылық көрсетті. Бұл тақырыптағы жарияланымдардың астарынан мәселені шешудің жолын іздеу емес, түрлі батыл талаптармен ресми органдарға қысым көрсетушілік анық байқалды. Мәдениет министрлігінің абдырап қалуы да, сол қысымның кесірі. Ақыры, сол қысымның кесірінен заңды қабылдатпай қойды емес пе?

Олар орыс тілінің қамы үшін «елден көшіп кетеміз» деуден де тайынбады. Министрліктің қолында тұрған заң жобасын «Қазақтандыру туралы» заң деп атап, «бұл заң орыстарды Қазақстаннан Ресейге ығысуға мәжбүрлейді» деп жазды «Руский мир» порталындағы мақаласында Анна Рогачёва. Сондай-ақ, автор қазақстандықтардың арасында мемлекеттік тілді пайдаланушылардың үлес салмағы 20 пайызға жетпейтіндігі жөнінде жалған ақпарат ойлап табады. Яғни, олар орыс тілін қорғауы үшін жалған, өтірік ақпарат беруден де бас тартпайды.

Қазақстанның мемлекеттік тіл мәселесі отандық БАҚ-ты былай қойғанда, көрші Ресейді де қатты алаңдатты. «Орыстарды дискриминациялау Қазақстанның мемлекеттік саясатына айналып бара ма?» деген тақырыппен дабыл қаққан еді ресейлік Km.ru порталы. «Қазақтар дайындап жатқан заң жобасы бойынша, кез келген балабақша мен оқу орнында қазақтілді топтардың үлес салмағы 50 пайыздан кем болмауы керек» деген тіркеске шүйлігеді. Осы күнге дейін «біз кеңестік заманда туған адамдармыз, енді бізді қазақша сөйлету мүмкін емес» деп уәж айтушылардың баласын да мемлекеттік тілден алшақ ұстауды көздеуін мемлекеттік саясатқа қарсы шығу деп қана бағалауға болады. Ресейлік басылымдардан бұл тақырыпты Риа Новости, Лента ру, Росбалт және тағы басқа беделді сайттар мен мерзімді басылымдар жарыса жазды. Қазақстандық ақпарат алаңының Ресейге және орыстілді қауымға тәуелділігі басым екенін ескеріп, тіл туралы заң жобасындағы жағымды өзгерістердің болмауын сол кездің өзінде сезген едік.

Орыстілділердің арандатушы жазармандары ел ішіндегі арандатуларымен Қазақстанды Ресеймен де шағыстырауға барды. Кез келген мәселеде түрлі көзқарас болады. Алайда, орыстілді БАҚ-тардың барлығының бірдей қасаң қарсылық көрсетуі біздің ашуымызға тигені анық. Сол себепті, көп тіл жанашырлары нақты деректермен емес, эмоцияға бой алдырған материалдар жазды. Оның үстіне мысқыл мен мазақ пікір араласқан орыстілді пікірлердің емін-еркін жариялануы тіпті  ызамызды келтірді. Мұның бәрі қазақтілді БАҚ-тың, тіл жанашырларының әлсіздігін анық байқатты.

Мәдениет минстрлігі мемлекеттік тіл мәселесінде осылайша екі оттың арасында қалды. Әрине, министрлік заң жүзінде басым түскен топтың немесе көпшіліктің талабын орындайтыны белгілі. Орыстілділер мемлекеттік тілді үйрену үшін тағы ондаған жылдар керек екенін айтады. Олардың бұл талабын ескерсек, мемлекеттік тілдің мәселесі 2020 емес, 2050 жылға дейін созылатын секілді. Бірақ, біз бұған жол бермеуіміз керек. Заң шеңберінен шықпай, мемлекеттік тілді еліміздегі әрбір азамат білу керек екенін талап етуіміз қажет. Ең бастысы, бізге бір ауыздан бірлесе сөз айтатын «бірлікті» нығайту аса қажет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404