Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Соғыс 2761 8 пікір 20 Мамыр, 2023 сағат 17:06

АҚШ Украинаға F-16 жойғыш ұшақтарын беретін болды

NBC телеарнасының хабарлауынша, АҚШ пен оның одақтастары Украинаға F-16 ұшақтарын жеткізу туралы шешім қабылдады. Телеарна бұл туралы Байден әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкері мәлімдегенін айтты.

АҚШ пен оның одақтастары F-16 ұшағын Украинаға қашан жіберетінін әлі шешкен жоқ. Алайда ұшақтар Украинаның алдағы қарсы шабуылында пайдаланылмайды. Алдағы айларда АҚШ пен Батыс F-16 ұшағын қашан және қалай жеткізетінін талдап-таразылайды.

Бұған дейін Украина билігі Батыстан F-16 ұшағын жеткізуді бірнеше рет сұрағанымен, олар бұл өтініштен бас тартып келген.

Бүгін американың «Politico» БАҚ-ұйымы украиндық ұшқыштарды F-16 ұшағымен ұшуға үйрету алдағы апталарда басталуы мүмкін екенін айтты. Жаттығу Еуропада өтеді және бірнеше айға созылады деген болжам бар. Сондай-ақ, басылым Киевтің 50-ге тарта F-16 ұшағын алғысы келетінін, ал Владимир Зеленскийдің Жапониядағы G7 және Литвадағы НАТО саммиттерінде жойғыш ұшақтарды жеткізу тақырыбын басты орынға қоюға тырысатынын хабарлады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1687
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4444
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3437