Сенбі, 23 Қараша 2024
1890 0 пікір 25 Мамыр, 2023 сағат 13:06

Министр: «Жем-шөп тапшылығы болмайды»

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде жем-шөп дайындау жоспары туралы айтты. 

«Биыл мал азығы бойынша тапшылық болмайды деген пікірдеміз. Жем-шөп өндіруді дамыту бағытында арнайы жол картасын қабылдадық. Осы карта аясында жем-шөп дақылдары егілген егістіктер көлемі екі жыл қатарынан ұлғайып келеді», - деді Ербол Қарашөкеев Сенатта тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Ауыл шаруашылығы министрі биыл мал азығын жинау үшін қолайлы жағдай бар екенін, фермерлер жем-шөп даярлауға алдын ала қамдауы тиіс екенін айтты.

«Биыл өңірлердегі ылғалдың деңгейін қарап шықтық, яғни орташа жылдық көрсеткіштер сақталып отыр. Сондықтан батыс және оңтүстік өңірлердегі 2021 жылғы проблемалар қайталанбайды. Мал шаруашылығы саласы өседі деп жоспарлап отырмыз», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1,5 млн гектар суармалы жер игерілді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366