Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2644 0 пікір 18 Мамыр, 2013 сағат 07:18

«А» корпусына талапкерлер қазақ тілінен сынақтан өтуде

Мемлекеттік қызметтің «А» басқару корпусы лауазымдарына өткісі келетін үміткерлер міндетті түрде қазақ тілінен тест тапсырады. Олар ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы жүзден астам тапсырмалар орындайды. Мемлекеттік қызмет реформалары аясында мемлекеттік басқару саласындағы қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейіне назар салынуда.

Мемлекеттік қызметтің «А» басқару корпусы лауазымдарына өткісі келетін үміткерлер міндетті түрде қазақ тілінен тест тапсырады. Олар ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы жүзден астам тапсырмалар орындайды. Мемлекеттік қызмет реформалары аясында мемлекеттік басқару саласындағы қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейіне назар салынуда.

«А» корпусы кадр резервіне өткісі келетін үміткерлерді тестілеу бірнеше кезеңді қамтиды. Алғашқы күні кандидаттар заңды білу және тұлғалық және басқарушылық біліктілігік деңгейін (этикалық қасиеттері, қарым-қатынас жасай білуі, бәсекені бағдар тұтуы, сапаны бағдар тұтуы) анықтау бойынша компьютерлік тестілеуден өтеді. Ал осы тест түрінен оң нәтижеге жеткен үміткерлер келесі кезеңге жіберіледі: олар қисынды вербалды емес тест тапсырумен қатар мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталатын тестілеуден өтеді. Тестілеу Астанада Мемлекеттік қызмет істер Агенттігі ғимаратында кестеге сәйкес 15-27 мамыр аралығында болады. Сынақ өтетін залдар бейне бақылау камераларымен жабдықталған, ақпараттық қауіпсіздік үшін жауапты тұлғалар анықталған.

Мемлекеттік тілден өтетін тест үш бөліктен тұратынын айтады ҚАЗТЕСТ жүйесі, Ұлттық тестілеу орталығы басқарма жетекшісі Айдос Әбдіхалықов. Бірінші бөлік - тыңдалым (тыңдап түсінуді бағалау), екінші бөлік - лексика-грамматикалық бөлік (қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымдарын күнделікті тілдік қатысым барысында пайдалану дәрежесін бағалау), үшінші бөлік - оқылым (оқып түсінген материалдарды бағалау). Жалпы тест 150 тапсырманы қамтиды. Тестілеу қорытындысы бойынша талапкердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады. «А» корпусы кадр резервіне өту үшін 2 мыңға жуық талапкер құжаттарын тапсырған болатын.

«А» корпусына бірінші кезекте министрліктердің жауапты хатшылары мен облыс әкімдерінің аппарат жетекшілері, комитет төрағалары, облыстық деңгейдегі қала және аудан әкімдері сияқты лауазымдар кіреді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назаpбаев өзінің халыққа Жолдауында кәсіпқой басқарушылардың мүлдем жаңа санаты - «А» корпусы  мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты болатындығын атап көрсеткен. Ол бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болатындығын айтқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387