Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2298 3 пікір 26 Мамыр, 2023 сағат 12:50

Армения Қарабақты Әзірбайжанның жері деп мойындады

Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын таныды. Бұл туралы Армения премьер-министрі Николь Пашинян ЕАЭО кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Армения Қарабақты Әзербайжанның жері ретінде мойындады.  Пашинян Арменияның барлық көлік дәліздерін қайта ашуға және экономикалық байланыс орнатуға, аймақтық коммуникацияны орнатуға дайын екенін атап өтті.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те «Армения Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп танығанын ескерсек, екіжақты бейбіт келісім болуы мүмкін» екенін айтты, сондай-ақ ол Арменияға жерге қатысты талап қоймайтынын мәлім етті.

Алда екі ел басшылары келісімді бекітетін құжатқа қол қоюы қажет. Олар мұндай құжатқа осымен бесінші рет қол қойып отыр.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 684
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2687
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1737