Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3719 0 пікір 20 Мамыр, 2013 сағат 05:30

Рахымжан Отарбаев. Бергей туралы қаңқу сөзге емес, көрген көзіме сенемін

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ұйымдастырды және ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрды деген айып тағылған соң бойтасалап шетелге кеткен Бергей Рысқалиев 2006 -2012 жылдар аралығында Атырау облысының әкімі болған еді. Кәсіпкерлік қызметінің жұртқа жария  ресми бетін "Аяжан" компаниясының (Ақтөбе) құрылтайшыларының бірі болып бастаған ол  2002 - 2004 ж.ж. - Атырау облыстық мәслихатының хатшылығына бекіді. 2005 жылдың ақпанынан 2006 жылдың ақпанына дейін Атырау облысы әкімінің (Аслан Мусиннің) орынбасары болды. «Бергей Сәулебайұлы облысымызды басқарған алты жылдың ішінде ойдай істер орайын тапты. Қаламыз жасыл желек жамылды. Жайықтың үстінен бірнеше көпір салынды. Ауыл ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Ол нағыз істің адам еді» дейді атыраулықтар. Атырау жұртының аузындағы сол сөзді «Ақ Жайық» газетінің бетінде жазушы-драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан ОТАРБАЕВ айтып отыр екен. Біз көшіріп басқанды жөн көрдік.

Abai.kz

Қазір өңірге сын болған, бүкіл бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, шулап жатқан  Атырау облысына қатысты бір ғана мәселе бар. Ол - облыстың бұрынғы басшысы Бергей РЫСҚАЛИЕВ туралы.

Бүгінде осы өңірдегі ұлан-ғайыр істердің, жаңалық пен өзгерістердің куәсі бізбіз, ағайын. Сондықтан, жағдайды көріп-біліп отырған жергілікті тұрғын ретінде өз пікірімді айтуға толық құқым бар.

Баса айтар жайт - бүгінгі күні бұл азаматқа қатысты айтылып жатырғандар үлкен әділетсіздік деп ойлаймын.

Өздеріңізге белгілі, қателік жұмыс жасамай, қол қусырып отырған адамда ғана болмайды. Егер осылай жұмыс жасаған мамандарды қудалай берсе, Қазақстанда кадр қала ма!

Кезінде игілікке жараған осы істерге сүйініп, кеткеннен соң артынан жамандап, жала жабу арқылы пышақ ұруды қалай түсінуге болады?! Бұл кімге керек?

«Сен тимесең, мен тимен» деп, осылай ештеңе болмағандай, көрмегендей отырмыз. Неге осындай жағдайға душар болдық? Қазір 37-ші жыл емес қой, елім деген ердің арда басы аламанға салынып, саяси ойынның құрбаны болып жатқанда қалайша жанымыз ашымасын?!

Бұл оқиғаның басталғанына 9 айдың жүзі болды, ал біз бір ауыз жылы сөз айтуға жалтақтаймыз?! Бір анығы, облыстың қай түкпіріне барсам да жай қарапайым халық арасынан  Бергей Сәулебайұлы туралы жаман айтқан бірде-бір адамды кездестірген емеспін. Атырауымызға қаланың келбетіне алып келген де осы азамат деп айтуға толық негіз бар.

Соңғы жылдары Атырауға келген кезекті жұмыс сапарында тұрғындармен жүздескен ел президентінің өзі «Естеріңізде бар ма, бұдан төрт-бес жыл бұрын осы қала белшеден балшық, масадан көз аша алмайтын еді ғой. Ал қазір ше? Қысқа мерзімде осыншама өркениетке қол жеткізілді емес пе? Мұнайлы мекеннің одан әрі дамуына сенім мол. Осындай жұмысты атқарған мына әкім, оның командасы...» дей отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мемлекет басшысы Назарбаев әкім Рысқалиев басқарған жергілікті атқарушы орындардың жұмысына жоғары баға бергенін бәрі естіді. Осыдан артық әділ баға болмас. Өкінішке орай, мақтаған сол команда азаматтарының көбі бүгінде қандай жағдайда күй кешіп отырғанын көріп жүрміз.

Осы аталған кезеңде небір керемет нысандар, инфрақұрылымдар, алып жобалар кезек-кезегімен, бірінен соң бірі айтқан уақытында іске қосылып жатты. Халыққа керегі ауыз су, көгілдір отын, жарық пен жол болса, осының бәрі тек қала емес, аудан орталығы емес, бүкіл ауылдар мен елді мекендерге тартылды. Отыз мыңнан астам халық тұратын, облыс орталығынан 300 шақырымда орналасқан, қазіргі өркениеттен кенже қалған Қызылқоға ауданына табиғи газ жүргізілуі, өмір бойы жолдың азабын тартқан осы ауданға тақтайдай тегіс асфальт көлік жол құрылысы жүргізіліп, жұмысының бастау алуы теңдесі жоқ ерлік!

Бергей Рысқалиевтің тұсында елге жасалған зор қамқорлықтың бірегейі - бүгінгі өркениеттен қалыс қалып, ұмыт болған Қошқар, Комсомол, Бекбике тұрғындары жайлы пәтерлерге  жайғасты. Одан кейін күні кешегі Байшонас, Ескене халқын қоныс аудару үшін мұнай компанияларын табандылығымен көндіріп, бәрінің қаржысын тауып, ұйымдастырып кеткен жоқ па!

Бүкіл республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатырған негативті, тек қаралау мақсатында жазылған мақалалардың, жалпы жұртқа жалған ақпарды батыл таратып отырғанына қайран қаласың. Тіпті өзге өңірлердегі оқиғаларға, елін сатқан топтарға қатысты қылмысы бар деп қара күйе жағып, халыққа жағымсыз пікір қалыптастырып бағуда.

Облыста жасалған әр іске баға беретін тек қана жергілікті халық. Ол жігіттің Президенттің саясатын орындаудан басқа бөтен ниеті болды деп ойламаймын.

Қазір айтылып жатырғандай, егер қаржының бәрі ұрланған болса, онда бүкіл әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымдар қалай салынып, қазір қалай жұмыс жасап тұр?! Оларды ешкім ешқайда алып кеткен жоқ, қаламыз бен даламызда қалды емес пе! Не айтса да, ақиқат сол - осы әрбір нысан тұрғындарға қызмет етіп бастады.

Мүмкін, Атырау халқының тағдыры осылай болған шығар, үнемі жақсы болмайтыны өмір заңы ғой. Дегенмен, өкініштісі, ғасырда бір көркейіп, еңсесі мен мерейі өсіп, енді ғана бас көтеріп, ел алдында топ жарып келе жатқан өңірдің қарқынды аяқ алысы біреулерге ұнамаса керек...

Қазір біреулер тіпті, оны тірілердің қатарында жоқ деп те жар салуда. Осындайды естігенде жаның түршігеді. Арыстай азаматтың обалы кімге?

Өзіміз аз ғана халықпыз. Елдің маңдайына біткен бірутар тұлғалар осылай жоғала берсе, не боламыз? Жасампаз өмірге қол жеткізген елдің перзентінің аман болып, тірі жүргендігін қалаймыз. Оның тағдырына алаңдаймыз.

Шындықтың бұзбайтын қамалы жоқ. Ел аман, жұрт тыныш, бейбіт заманда арды аяққа баспас болар. Кімнің кім екенін уақыт көрсетер...

«Ақ жайық» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388