40 млн теңгені қалтасына басқан генерал-майордың тергеуі аяқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты тергеуді аяқтады.
Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Abai.kz