АҚШ Президенті Барак Обамаға ашық хат
АҚШ Президенті Барак Обама мырзаға
Қазақстан Республикасының азаматтарынан
АШЫҚ ХАТ
Біз, Қазақстан азаматтары, сәуірдің 15-і күні АҚШ-тың Бостон қаласында дәстүрлі түрде өтетін марафон кезінде болған бомба жарылысы салдарынан 3 адам мерт болып, 260 адам жарақат алуына байланысты Америка халқына көңіл айта отырып, қайғысына ортақ екенімізді білдіреміз.
Біз экстремизмнің кез келген түріне қарсымыз және де лаңкестік әрекеттердің ешқайсысын қолдамаймыз. Біз бейбітшілік өмір, достық пен әріптестікті қалайтын және қолдайтын мемлекет азаматтарымыз.
АҚШ тергеу орындары Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаевпен бірге оқыған Қазақстан азаматтары Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевқа «Бостондағы жарылысты тергеуге кедергі жасамақ болды» деген айып таққаны мәлім, сол себепті біздің екі азаматымыз 19 сәуірде қамауға алынды.
Бізге мәлім ақпарат бойынша, бірінші сот отырысы 1 мамырда өткен болатын, онда Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбавқа тергеуге қатысты айғақтарды жойды деген айып тағылған болатын.

Біз осы екі Қазақстан азаматына тергеу мен соттың әділ өтуін талап етеміз. Бұл құқықтар халықаралық құжаттарда, оның ішінде АҚШ ратификациялаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактісінде бекітілген. Сондықтан, АҚШ‑н осы іске байланысты өз халықаралық міндеттерін орындауға шақырамыз.
Соңғы кездері АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары осы іске байланысты түрлі араңдатушылық мағлұматтардың таралып жатқанына куә болып отырмыз. Сондықтан Федералды Тергеу Бюросын (Federal Bureau of Investigation, FBI) және АҚШ Бас Прокуроратурасының (United States Attorney General) ресми мәлімдемесінің жариялануын талап етеміз, себебі Қазақстан халқы өз алаңдаушылығын білдіруде.
Осы хатқа қол қоюшылар мен қолдаушылар Американдық Сот пен тергеу істеріне қысым жасау пиғылдарынан аулақ.
Біз, адам құқықтарының сақталуын, Қазақстан азаматтарына тиесілі құқықтық көмек көрсетілуін талап етеміз!
Хатты қолдаушылар:
Бахтияр Албани, жазушы, публицист
Ербол Жұмағұлов, кинорежиссер, ақын, жазушы
Құрманғазы Рахметов, қоғам белсендісі
Болат Төлепбергенов, жазушы, қоғам белсендісі
Жангелді Шымшықов, профессор
Қажымұқан Ғабдолла, «Қазақ елі» қозғалысының төрағасы, саясаткер
Әсел Нұрғазиева, құқыққорғаушы, «Заман» ҚБ төрайымы
Ұлан Шамшет, қоғам белсендісі
Жанбота Қарашолақов, саясаттанушы
Бақтығұл Қанатов, заңгер, құқыққорғаушы
Амангелді Қалыбек, саясаттанушы
Марат Уатқан, тілші, қоғам белсендісі
Бақытгүл Мәкімбай, тәуелсіз тілші
Махамбет Әбжан, «Шаңырақ» РҚБ төрағасы
Abai.kz