Сенбі, 23 Қараша 2024
1805 2 пікір 5 Маусым, 2023 сағат 17:13

Жаңа заң: 16 тақырыпқа петиция жариялауға болмайды

Петиция туралы қабылданатын жаңа заңда 16 тақырыпқа тыйым салынады. Яғни ол тақырыптар бойынша қол жинап, петиция жазуға болмайды. 

«Петиция жазуға шектеу қойылған тақырыптардың дені ұлттық қауіпсіздікке қатысты. Мысалы, шекара мәселесі, аумақтық тұтастық бойынша немесе мемлекеттік тілге байланысты болуы мүмкін. Ертеңгі күні кейбір азаматтар осы тұсты пайдаланып, елдегі саяси жағдайды бұзып, сепаратистік қозғалыстарды ұйымдастыруы ықтимал. Сондықтан геосаяси мәселелер мен төтенше жағдайлар бойынша бірқатар шектеу енгіздік. Айтар болсақ, қаңтар оқиғасы сияқты кенеттен елде қандай да бір жағдай болса, кейбір азаматтар петиция арқылы төтенше жағдай режимін алып тастауды талап етуі мүмкін», - деді Еділ Жаңбыршин «Аmanat» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Мәжіліс депутатының айтуынша, ұлт қауіпсіздігіне қатысты мәселені петиция арқылы шешу мүмкін емес. Оның мәліметінше, петиция туралы заң қазір Сенаттың қарауында.

«Жалпы заңға өзгеріс енгізу оңай емес. Тыйым салынған тақырыптардың аясын кеңейту алдымен талқыға түседі. Депуттар көрінген норманы өткізбейді. Ондай мәселе туындаған жағдайда жұмыс тобы құрылып, депутаттар, қоғам белсенділері, сала мамандарының қатысуымен талқыланады. Егер қоғам қарсы болса, онда заңға өзгерістер енгізілмейді. Өздеріңіз білесіздер, кейбір резонанс тудырған заң жобалары Сенат, Президент алдынан қайтарылып жатады», - дейді халық қалаулысы.

Сурет: ғаламтордан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364