Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3282 3 пікір 7 Маусым, 2023 сағат 14:41

Жақсылықов: «ҰҚШҰ күштері ешқандай соғысқа бармайды»

Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің аумағына бармайтынын айтты. 

Бүгін Мәжілісте тілшілер министрге әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесетке қатысты сұрақ қойған болатын.

«Қазақстан сарбаздарын ҰҚШҰ аясында Украина мен Ресей шекарасына жіберілуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?», - деп сұрады журналистер.

«Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері еліміздің аумағында тұрғанынан толық сеніммен жариялаймын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар жоқ. Біз ешқайда бармаймыз», - деді Руслан Жақсылықов.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 961
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2470
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 665
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 642