Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3649 0 пікір 29 Мамыр, 2013 сағат 22:21

Рейтинг: Армия

Әрбір бесінші қазақстандық 7 мамыр күнін қарапайым күн ретінде қабылдайды. Сауалнамаға қатысқандардың 57,8%-ы қазақстан армиясындағы жағдайға қанағаттанбайды. Респонденттердің жартысы Қазақстанның жауынгерлік әзірлігін төмен бағалады. Қатысушылардың 45,8%-ы әскерге баруды еркін негізде (келісім-шарт бойынша) жүргізілуі тиіс деп есептейді .

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі мен «Казпотребнадзор» қоғамдық бірлестігі осы мейрамға, қазақстандық армия мен жалпыға бірдей әскери міндет мәселелеріне қатысты интернет арқылы сауалнама жүргізді.

САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін қалай бағалайсыз? (2-сурет)

Зерттеу нәтижелері қазақстандық ер азаматтарының мейрамын әрқалай қабылдайтыны байқалды. Респонденттердің 41,9%-ы осы күнді маңызды мейрам ретінде қабылдайды. Сауалнамаға қатысушылардың 36%-ы демалуға мүмкіндік беретін күн деп есептейді. Ал әрбір бесінші қазақстандық бұл күнді қарапайым күн деп санайды.

Әрбір бесінші қазақстандық 7 мамыр күнін қарапайым күн ретінде қабылдайды. Сауалнамаға қатысқандардың 57,8%-ы қазақстан армиясындағы жағдайға қанағаттанбайды. Респонденттердің жартысы Қазақстанның жауынгерлік әзірлігін төмен бағалады. Қатысушылардың 45,8%-ы әскерге баруды еркін негізде (келісім-шарт бойынша) жүргізілуі тиіс деп есептейді .

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі мен «Казпотребнадзор» қоғамдық бірлестігі осы мейрамға, қазақстандық армия мен жалпыға бірдей әскери міндет мәселелеріне қатысты интернет арқылы сауалнама жүргізді.

САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін қалай бағалайсыз? (2-сурет)

Зерттеу нәтижелері қазақстандық ер азаматтарының мейрамын әрқалай қабылдайтыны байқалды. Респонденттердің 41,9%-ы осы күнді маңызды мейрам ретінде қабылдайды. Сауалнамаға қатысушылардың 36%-ы демалуға мүмкіндік беретін күн деп есептейді. Ал әрбір бесінші қазақстандық бұл күнді қарапайым күн деп санайды.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, Отан қорғаушылар күні әлі де болса қазақстандықтар үшін маңызды мейрамға айналмағанын дәлелдейді. Бұны қазақстандық армиядағы әскери борышты өтеген ер азаматтар санының төмендігімен байланыстыруға болады. Сонымен қатар, аталмыш мейрамды демалыс күні етіп жарияланауы әсер етеді деп болжам жасауға болады.

Қазақстан армиясындағы жағдайды қалай бағалайсыз? (3-сурет)

Респонденттердің тек 17,5% ғана қазақстандық армиядағы жағдайды оң деп бағалайды. Әрбір үшінші қазақстандық армиядағы жағдайды қанағаттанарлық деп есептесе, ал қалғандары (57,8%) нашар деп жауап берді.

Сөйтіп, мемлекет армиясындағы жағдай жағымсыз бағаланды. Мұны әлімжеттік пен қаруларды сатып алуға байланысты жиі жанжалдармен түсіндіріледі.

Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан армиясындағы жағдай қаншалықты өзгерді?(4-сурет)

Осы сұрақ жауаптарының басым көпшілігі негативті бағаға ие. Бұл сұрақтың пессимисттер тобы оптимисттерге қарағанда екі есе көп. Ал сауалнамаға қатысушылардың 41%-ы ешбір өзгеріссіз, сол қалпында екенін жеткізді.

Респонденттердің жағымсыз бағалары қазақстандық армиядағы реформалар тиісті әрі күтілген нәтижелерге қол жеткізілмегендігімен байланыстыруға болады. Оған қоса, құзырлы органның басшылығы армия саласындағы регресс үрдісін тоқтатуға қауқарсыз.

Қорғаныс министрлігіне бес жылға жуық Әділбек Жақсыбеков жетекшілік ету үстінде. Осы саладағы жүргізілген реформаларына қарамастан, респонденттердің жауаптарына қарағанда, осы құзырлы органдағы жағдай жақсармай, қайта нашарлағанын байқауға болады.

Қазақстан армиясының жауынгерлік әзірлігін қалай бағалайсыз? (5-сурет)

Сауалнама қатысушыларының тең жартысы жауынгерлік әзірлікті төменгі  деңгейде деп есептейді. Сондай-ақ, 44%-ы орташа деп бағалады. Тек әрбір он төртінші Қазақстан армиясының жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде деп санайды. Мұны соңғы бес жылдағы қазақстандық армиясындағы жағдайдың динамикасымен түсіндіріледі. Бейбіт уақытта әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен болашағына сенімді қамтамасыз ету болып саналатын әскердің функциясын қазақстандық әскер атқармай жатыр деп негіздеуге болады.

Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, әскерді қамтамасыз етуге және осы саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік қаржы ақталды деп есептейсіз бе? (6-сурет)

Әрбір бес адамның екіншісі «қазақстандық армияға жұмсалынатын қаржы ақталмады» деген жауап қайтарды. «Жартылай ақталды» деп респонденттердің 37%-ы бағалады. Ал «толық ақталды» деп бағалаған респонденттер саны 6%-ға тең. 13%-ы «жауап беруге қиналамын» деген нұсқаны таңдады.

Қорғаныс саласындағы бюджетке қатысты респонденттердің бағалары мыналармен түсіндіруге болады:

  • Аталмыш қаржының жұмсалуындағы көрнекті нәтижелердің жоқтығы;
  • Оң жетістікті көрсететін құзырлы органның қатысуымен қақтығыстардың жоқтығы.

Соңғы төрт жыл ішінде Қорғаныс министрлігінің бюджеті 209,1-дан 348,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бірақ қаржының ұлғаюына қарамастан осы саладағы жемісті нәтижелердің жоқтығын аңғаруға болады.

Сіздің жалпыға бірдей әскери міндетке көзқарасыңыз қандай? (7-сурет)

Респонденттердің жауаптары көрсетіп отырғандай, жалпыға бірдей әскери міндетке көзқарастры әрқилы болды.  Респонденттердің 24%-ы ғана «әрбір ер азамат әскери міндетті өтеу парыз» деп санаса, 45,8%–ы әскер қатарына бару ерік (келісім-шарт) негізде жүзеге асырылуы тиіс деп есептейді. Яғни, альтернативті қызмет түрі болуын қолдайды. Ал қалғаны әскери міндетті өтеу құқығы еркін болуы тиіс деп есептейді.

Осы сұрақ жауаптары Қазақстандағы қазіргі әскери міндет форматының жеткіліксіздігін байқатады. Демек, армиядағы жағдай саннан сапаға көшпегенін білдіртеді. Осы орайда, аталмыш құзырлы органда толыққанды қайта жаңарту тиімді.

Қазіргі таңда бозбалалар әскер қатарына барғысы келе ме? (8-сурет)

Әскер қатарына барғысы келетіндер саны отбасының әл-ауқатына байланысты.екенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Әрбір бес респонденттің екіншісі (41%) «әскер қатарына аз қамсыздандырылған отбасылардың балалары барғысы келеді» деп жауап қайтарды. Респонденттердің тек 16%-ы ғана «әскер қатарына баруды борыш» деп есептейді. Сауалнамаға қатысушылардың 43%-ы әскер қатарына барғысы келмейтінін жеткізді.

Сөйтіп, әскер қатарына тек аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан бозбалалар ғана барады деп айтуға болады.

 

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

Еліміздің қорғаныс органының беделінің төмендігін зерттеу нәтижесі көрсетті. Қоғам армияны аморфтық әрі қажетсіз ұйым ретінде қабылдайды  (азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету фунциясы мен жалпыға бірдей әскери міндет туралы айтылып отыр). 

Халықтың басым көпшілігі армияны жақсы қабылдау үшін әлімжеттік пен жемқорлыққа байланысты жанжалдар кесірін тигізіп жатыр. Аталмыш саладағы жағдайды жақсарту үшін түбегейлі кешенді шаралар ұсынылады. Төмендегі ұсыныстар Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынылады.

  1. 1.      Армиядағы жылдағы сандық құрамын 50%-ға қысқартып, ішкі әскер мен шекара қызметіндегі жауынгерлердің санын ұлғайту. Бұндай ұсыныс келесідей жағдайлар үшін өте өзекті болмақ:
  • Ықтимал сыртқы даулардың жоқтығы;
  • Армияны қамсыздандыру үшін мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;
  • Қорғаныс саласындағы жерқорлық.

Ішкі әскердегі штатты ұлғайту бейбіт өмірдегі мемлекеттік қажеттілігімен түсіндіріледі (мысалы, апаттық жағдайларды азайту мақсатында). 

  1. 2.      Жалпыға бірдей әскери міндеттен бас тартып, еркін түрдегі (келісім-шарт  қызметі) әскер қызметіне көшу. Армиядағы сандық құрамын азайту кезінде Отанға қызмет етушілер саны артады. Осы жол арқылы халық арасында армияның қазіргі бейнесі түбегейлі өзгермек.
  1. 3.      Елдің мемлекеттік элитасы өкілдерінің балаларын әскери міндетке тартуды әкімшілік және заң шеңберінде қамтамасыз ету және осындай тәжірибені БАҚ арқылы хабардар етіп отыру.
  1. 4.      Әскери қызметті насихаттауда қаржы көлемін ұлғайту. АҚШ-тың тәжірибесін жүзеге асыруға болады. Қазіргі кездегі армияның беделін арттыруға бағытталған шаралар кері үрдісті көрсетіп отыр. Оған жақында өткізілген әскери шеру мысал бола алады. Әлеуметтік саласындағы қаржы тапшылығына байланысты сарапшылар қауыпдастығы мен БАҚ өкілдері арасында мақтанышты салтанатқа сыни баға берілді, ал халықтың басым бөлігі «оба кезіндегі думан» ретінде қабылдады. Сонымен қатар, шеру өткізіліп жатқан кезде бейбіт азаматтарға зақым келуі одан әрмен тұмандатты.
  1. 5.      Қорғаныс саласына жіберілетін мемлекеттік қаржының жұмсалу есебінің шынайы механизмдерін енгізу (тіпті, интернет арқылы).
  1. 6.      Қорғаныс саласындағы түрлі дауларға жауап қайтару моделін түбегейлі өзгерту. Қазіргі таңда бұзушылықты жасыру моделі іске асырылуда. Сондықтан дауларға қатысы бар азаматтарды жазалауды көрсетіп, тез арада жауап қайтарудың ашықтық моделін енгізу қажет.
  1. 7.      Армия резервін даярлау үшін ақылы әскери курстарға азаматтарды тарту тәртібін оңтайландыру. 210 мың теңгені төлеу арқылы бір ай ішінде әскери билетті алу қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін өте қызықты. Бұл әлеуетті құрылымдардың одан әрмен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Ал жемқорлық көріністерін алдын алу үшін:
  • Дүрлікпені азайту мақсатында курстағы орын санын көбейту.
  • Әскери курстарды өту үшін ақысын 2,5 есеге ұлғайту.
  • Ақылы әскери курстарды өткен азаматтардың әскери билеттеріне арнайы белгіні қою. Бұл мемлекеттің әлеуетті құрылымда (әсіресе, ҰҚК, Қаржы полициясы) жұмыс жасау мүмкіндігін шектейді.

Әдістеме. Сауалнама интернет арқылы сәуірдің соңынан мамырдың басына дейін жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің саны 800 астам. Қазақстандағы интернет аудиториясының ерекшелігін ескере отырып, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі Қазақстанның ірі қалаларындағы жас азаматтар қатысты деп есептелінеді.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322