Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2818 5 пікір 14 Маусым, 2023 сағат 12:22

Ильин, Ұранхаев, Ахметов пен Сүлейменовадан жауап алынады

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өртіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша ҚР ТЖМ экс-министрі Юрий Ильиннен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтан, ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен ҚР Экология министрі Зүлфия Сүлейменовадан жауап алынатынын мәлімдеді.

Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты. Өмірәлиевтің айтуынша, Абай облысындағы орман өртіне байланысты қылмыстық іс қозғалған. Ол іс бойынша қызметіне салғырт қараған лауазымды тұлғалардан жауап алынады.

«Тергеу енді ғана басталды. Қызметтеріне салғырт қарағандар түгел жауапқа тартылады. Қазіргі басты мақсат – өртті сөндіру. Сондықтан лауазымды тұлғаларды артық мазалап жатқан жоқпыз. Бірақ, өз міндетіне салғырт қараған, нәтижесінде олардың салғырттығы қайғылы оқиғаға себеп болған лауазымды тұлғалардың барлығы анықталады. Өрт толық сөндірілгеннен кейін олардың барлығынан жауап алынады. Лауазымды тұлғалардың әрекетіне әзірге баға берілген жоқ», - дейді Өмірәлиев.

Өмірәлиевтің айтуынша, Абай облысындағы өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Олар: «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау» және «Салғырттық».

8 маусымда басталған Абай облысындағы орман өрті әлі толық ауыздықталған жоқ. ҚР Төтенше жағдайлар министрінің соңғы мәлімдемесінде өрттің аумағы азайғаны, елдімекендерге қауіп жоқ екені айтылған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485