Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Динамо – Қазақстан бүлдіршіндеріне” атты қайырымдылық шарасы өтеді
Мамырдың 31 күні Қазақстан Республикасы «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы Алматы қаласы ІІД-мен біріге отырып, 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған дәстүрлі мерекелік шарасын өткізеді.
Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – болашақ жастарымыз бен жасөспірімдерімізге қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсету. Сондай-ақ нашақорлыққа жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу.
Қайырымдылық шарасына Алматы қалалық және Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері, 5571 әскери бөлімшесі қызметкерлерінің, ауған соғысы ардагерлерінің, қаза тапқан ішкі істер органдарының балалары және жағдайы төмен отбасыдан шыққан жеткіншектер қатысады.
Шара барысында түрлі спорттық ойындар ойнатылып, жас әншілердің орындауында әндер шырқалады. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің барлығына сыйлықтар мен балмұздақ, сусындар табысталатын болады.
Тағы бір айта кетерлігі, дәл осы күні аталған бұл шара еліміздің барлық облысында “Динамо – Қазақстан бүлдіршіндеріне” атты ұранмен атап өтіледі.
Аталған қайырымдылық шарасына 250-ден аса жеткіншек қатысады.
Құрметті БАҚ өкілдері, салауатты өмір салтын бірге насихаттап, осынау игі іске ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді өтінеміз.
Шараның өткізілетін орны: Алматы қаласы, «Динамо» стадионы, Наурызбай батыр көшесі 89.

Өткізілетін күні: 31 мамыр 2013 жыл, басталуы сағат 10:00.
«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы Қазақстанда 1925 жылы құрылған. Содан бері бұл қоғам кәсіби спортшылармен қатар, спорт жанкүйерлерін де өз айналасына жинады.
Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының басты бағыты – ішкі істер, құқық қорғау органдары, кеден және ішкі әскерлер қызметтері қызметкерлерінің дене шынықтыру және арнайы дайындықтарын дамыту және жетілдіруге жәрдемдесу.
«Динамо» ДШСҚ
баспасөз қызметі
Тел.: 267-46-92
8707 830 77 21