Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Билік 3230 0 пікір 23 Маусым, 2023 сағат 11:04

Beu fest - 2023 музыкалық фестивалі қайтадан Алматыда өтеді

Алматы қаласы жылдың ең үлкен музыкалық оқиғаларының бірі ((beu fest)) оралуын асыға күтеді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған фестиваль Қазақстан тұрғындары мен қонақтарының назарын аударады.

((Beu fest)) өз аудиториясының үмітінен асып, ұмытылмас әсер қалдыруға уәде береді.

Биылғы жылы ұйымдастырушылар Amalyat, Dakelot, Dosekesh, Kilemger, Merey және тағы басқа әр түрлі жанрларда ән айтатын жас орындаушыларды қолдауға шешім қабылдады. Бұл Beuрадиосының тұжырымдамасына басынан бастап енгізілген болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің және радионың идеясы бір - қазақтілді аудитория үшін сұранысқа ие жүз пайыз отандық медиа өнім.

Музыкадағы қалауларыңызға қарамастан, beu fest жанрлар мен орындаушылардың кең ауқымын тамашалауды ұсынады. Бір сахнаға танымал жұлдыздар мен заманауи қазақстандық музыканың жас таланттары жиналады. Фестиваль қатысушыларының арасында Ninety One, Мирас Жугунусов, Dequine, Akha, Қазыбек Құрайыш, Sadraddin, Кенжебек, Ayree, ALPHA, Ayafunk, Ayau, Rusha, Taspay, Mona Songz, Orynkhan, Duman Marat, ONTOĞYZONEKI сияқты әртістер, сондай-ақ біздің фестиваліміздің арнайы қонағы Кореядан келген SongWon Sub болады.

Өтетін күні: 24 маусым 2023 жыл

Іс-шараның басталуы: 19:00.

Өтетін орны: «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені.

Билеттерді билет операторының ресми сайтынан сатып алуға болады zakazbiletov.kz

Фестивальді ұйымдастырушылар энергия мен ғажайып музыкаға толы ерекше атмосфераны қалыптастыруға уәде береді. ((Beu fest)) музыка әуесқойлары мен ойын-сауық әуесқойларын біріктіретін ұмытылмас мереке болады.

((Beu fest))-ке қосылып, Қазақстанның музыкалық мәдениетінің жаңа қырларын ашыңыз!

Баспасөзге арналған байланыс ақпараты:

Саленова Шугла

PR-менеджер

87088688888

salenovashugla@gmail.com

Instagram: https://instagram.com/beu_fm?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Zakazbiletov: https://zakazbiletov.kz/ru/events/1-almaty/3-kontserty/20361-beu-fest

Афишалар мен фотоларға сілтеме: https://dropmefiles.com/SHUcI

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1290
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2847
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 884