Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2887 0 пікір 2 Қыркүйек, 2009 сағат 06:45

Жолда адам басып кеткен Жовтис өзін кінәсізбін деп отыр

Автокөлік жүргізіп келе жатып абайсызда адам қағып кеткен елдегі адам құқықтары жөніндегі Халықаралық бюроның жетекшісі Евгений Жовтиске қатысты бүгін Балқаш аудандық сотының үкімі шығады. Біз сот үкімі шыққанға дейінгі сот отырысы туралы оқырманды құлағдар етіп қойғанды жөн көрдік.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 26-сы күні Алматы-Қарой тасжолының 131-ші шақырымында Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі Халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис көлік жүргізіп келе жатып 36 жастағы Қанат Молдабаевты байқаусызда қағып кеткен. Жаяу жүргінші сол жерде көз жұмған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тамыздың 14-і күні Жовтиске айып тағылады. Іс соттың алдына келіп түседі. Тамыздың 27-ші жұлдызында Балқаш аудандық сотында алғашқы процесс өтті. Алдымен соған тоқталайық.

Отырыстың басы Евгений Жовтистің төрт бірдей арыз-шағымын оқып танысудан басталды. Соттың өтетін күні өте қысқа мерзім ішінде хабарланғандықтан қорғаушылар Виталий Воронов пен Шолпан Баткалова өздерінің бұған дейін жоспарланып қойған жағдайларына байланысты отырысқа қатыса алмады. Сондықтан айыпталушы алғашқы арыз-шағымын сот процесін 2-ші қыркүйекке қалдыру керек деген еді. Екіншіден , Вера Ткаченконы өзінің қорғаушысы ретінде сотқа қатыстыру сұрады. Үшіншіден, қорғаушы жақ сот-автотехникалық сараптама жұмыстарын қайтадан өткіздіруге және қылмыс құрамы болмағандықтан істі тоқтату туралы арыз-шағым жасау мүмкіндігіне ие болу үшін алдын ала тыңдау амалдарын белгілеуді талап етті. Төртіншіден, айыпталушыға кесілген елден шықпау туралы жазаны қайта қарау туралы өтініш білдірді.

Судья Құлан Толқынов аталған төрт арыз-шағымның алғашқы екеуін ғана қанағаттандырды. Айыпталушының өзі соттың мұндай қадамға баруын, жалпы істің бұлайша құбылуын саяси тапсырыс деп есептейді. «Заңдық тұрғыдан түсіндірсем, мен жол жүру ережесін бұзған жоқпын. Оны дәлелдейтін бұлтартпас деректер бар. Екі тәуелсіз автотехник маманының және бір дәрігердің қорытындысы бар. Бұл қорытындылар менің кінәсіздігімді көрсетеді. Алайда, алдын ала тергеу амалдарының заң шеңберінен шығып кетуі, қылмыстық процессуалды кодекс баптарының өрескел бұзылуы мені қатты алаңдатуда. Соттың бүгінгі әрекетін көріп тұрып мені ақтап шығарады дегенге сену қиын әрине. Тағы да қайталап айтамын, бұл қылмыстық істің саяси астары бар», - дейді Жовтис .

Сонда дейміз-ау, «саяси тапсырыс алған» марқұм Қанат Молдабаев Жолда жүйткіп келе жатқан Жовтистың автокөлігінің астын өзі барып топ ете түскен бе? Содан кейін, Жовтистың айтып отырғаны қандай саяси тапсырыс. Онымен саудаласқысы келіп жүрген кім? Бұл сұрақтарға қатысты ол ештеңе айтпады. Дегенмен, Батыс жақ тағы бір шулайтын болды.

«Абай-информ».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371