Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2781 2 пікір 29 Маусым, 2023 сағат 14:15

Экс-президент тағы бір мәртебесінен айырылды

Сенат депутаттары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталған мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң жобасына сәйкес, бұдан былай президент Назарбаев зияткерлік мектептері Жоғағры қамқоршылық кеңесінің, Назарбаев Университетінің және Назарбаев Қорының басшысы болады.

Сондай-ақ, түзетулерде президент тағайындаған Қазақстан азаматы да жоғарғы кеңестің төрағасы бола алады делінген. Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережені Жоғарғы қамқоршылық кеңестің төрағасы бекітеді.

Бұдан басқа, заң жобасы тағы бір өзгерісті көздейді: дарынды балаларды НЗМ-де оқытуға ақы төлеуге арналған "Өркен" білім беру грантын енді Тұңғыш президент емес, мемлекет басшысы құратын болады.

Бұған дейін депутат Снежанна Имашева Қылмыстық кодекстен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты қорлау туралы бапты алып тастауға қатысты түзетулер туралы айтқан болатын.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2516
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 659