ЕҚЫҰ «Вагнерді» террористік ұйым деп мойындады
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) «Вагнер» ресейлік жеке әскери компаниясын террористік ұйым деп таныды.
4 шілдеде Ванкуверде өткен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясында «Вагнер» әскери компаниясының сипаты мен ниеті террористік іс-әрекетке жатады деп бағаланды.
Оларға демеушілік жасап отырған Ресей үкіметіне әскери ұйымның жасаған зорлық-зомбылықтары үшін жауапкершілік артылды.
ЕҚЫҰ «Вагнер» жасақтарын қолдағаны үшін Беларусь мемлекетін де айыптады.
«Өзінің территориясына «Вагнердің» әскери базасын құруға рұхсат еткен Беларусь бүкіл Балтық жағалауы елдеріне қауіп төндіріп отыр»,-делінген Парламенттік ассамблея декларациясында.
Айта кетейік, ЕҚЫҰ-ға әлемнің 57 мемлекеті мүше, оның ішінде Қазақстан да, Ресей де бар.
Abai.kz