Сенбі, 23 Қараша 2024
2286 4 пікір 6 Шілде, 2023 сағат 13:29

Астанада соғысқа қарсы ресейлік ұсталды

Қазақстандағы халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросы ресейлік белсенді Андрей Павловтың Астанада ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейде оған халықаралық іздеу жарияланғандықтан, ол 72 сағатқа қамауға алынды. Оған «әскердің беделін түсірді» деген айып тағылып отыр.

«Екінші топтағы мүгедек Андрей Павлов Қазақстанға өткен жылдың соңында келген. 4 маусымда Ресейде сырттай тінту және қамауға алу салдарынан ұсталып, 72 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы Павловқа заңгерлік көмек көрсетуде», - деді бюро өкілдері.

Айта кетейік, қазірдің өзінде ұсталған Павлов өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтініш жазған.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364