Сенбі, 23 Қараша 2024
1515 1 пікір 7 Шілде, 2023 сағат 12:49

Қырғызстан мен Өзбекстан да Лепстің концертін өткізбейді

Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайтын ресейлік әнші Григорий Лепстің Қырғызстан мен Өзбекстанда концерті тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni.

Қырғызстандағы концерт 2 тамызда, Өзбекстандағысы 31 қазанда өтуі керек еді. Екі елде де жұртшылық Лепстің келуіне үзілді-кесілді қарсы болды.

Маусым айында оның Қазақстандағы концерті де осындай себептермен болмай қалған еді. Концерт Конаев қаласындағы қонақүй-казинода өтуге тиіс болған. Сол кезде қазақстандықтардың теріс реакциясына тап болған ұйымдастырушылар концерттің тоқтатылатынын хабарлады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371