Сенбі, 23 Қараша 2024
1137 0 пікір 10 Шілде, 2023 сағат 14:40

ОА азаматтары Германияда террорлық ұйым құрған

German police secure the main train station in Munich, Germany, January 1, 2016. REUTERS/Michaela Rehle TPX IMAGES OF THE DAY - RTX20PKE

Германия ішкі істер министрі Нэнси Фезер полиция Орталық Азия елдерінен барған жеті адамды ұстау арқылы террорлық актінің алдын алғанын мәлімдеді.

«Жеті адамды қамауға алу арқылы исламшыл терроризмге соққы берілді. Мұны жүзеге асырған билік органдарына, бірінші кезекте біздің министрліктің және федералдық қылмыс полициясына, ішкі барлау қызметіне ризашылығымды білдіремін», - деді Фезер.

Өткен аптада Германияның бас прокуратурасы Германия мен Нидерландта теракт ұйымдастыруды көздеген жеті орталықазиялықтың ұсталғанын мәлімдеді. Онда олардың бесеуі тәжік, біреуі қырғыз және тағы біреуі түркімен азаматтары екені хабарланған. Ұсталғандар бірін-бірі көптен бері білген, Германияға Украинадан соғыс басталғаннан көп өтпей барған.

Орталықазиялықтар 2022 жылы террорлық ұйым құрып, Германияда нысанаға алатын жерлерді қарастырып, қару-жарақ табу әрекетін қарастырып жүрген. Прокуратура мәлімдегендей, ұсталғандардың әзірге нақты жоспарлары болған емес.

Reuters агенттігі жазғандай, ұсталғандардың арасында Аброржон атты қырғызстандықтан басқасының бәрі 2022 жылдың сәуірінен бері "Ислам мемлекеті" террорлық ұйым үшін ақша жинап, бірнеше рет шетелдегі есеп-шоттарға ақша аударған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387