Сенбі, 23 Қараша 2024
1404 0 пікір 10 Шілде, 2023 сағат 15:10

Дүниежүзілік банк Өзбекстанға 46,2 млн доллар бөлмек

Дүниежүзілік банк Өзбекстанға энергетика саласында зиянды заттардың ауаға таралуын азайту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға 46,2 млн доллар көлемінде грант бөледі.

Дүниежүзілік банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, грант Өзбекстан үкіметіне буланған газдың атмосфераға көп таралуын қысқартуға, қуат ресурстарын тиімді пайдалануға, сонымен бірге халықаралық көміртек нарығына шығуға көмектеседі.

Өзбекстан өнеркәсіпте отынды көп жағуына байланысты буланған газды атмосфераға көп тарататын елдер қатарына жатады.

Болжамдарға қарағанда, Өзбекстан осы жобаны жүзеге асыру арқылы 60 млн тонна көмірқышқыл газының ауаға таралуына жол бермейді. Есесіне мемлекет шамамен 2−2,5 млн тонна көмірқышқыл газын халықаралық нарықта сата алады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394