Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Билік 1439 0 пікір 13 Шілде, 2023 сағат 14:56

Зәкиева бала құқығын қорғау бойынша заңға ұсыныс енгізбек

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға тиісті ұсыныс енгізетінін жариялады.

Айта кетейік, жақында бұрынғы бокстан әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы ер азаматты соққыға жыққан болатын. Көрініс видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады.

«ІІМ-не қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттілігі туралы жүгіндім.

Баланың қауіпсіздігіне қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады.

Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке қосымша түрде тағы бір бап - "Қорқыту" атты ҚР ҚК-нің 115-бабы бойынша тарту қажет деп ойлаймын.

Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын.

Жалпы, кез-келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын»,-деп жазды ол әлеуметтік парақшасында.

 

Abai.kz

0 пікір