Алматы облысындағы Бақанаста Жовтистің ісі бойынша соттың екінші отырысы өтеді
Алматы. 2 қыркүйек. ҚазТАГ - Давид Ян. Танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтистің соты бойынша екінші отырыс сәрсенбі күні сағат 11-де Алматы облысының Бақанас кентінде өтеді.
Бұл - 27-ші тамызда ашылған процесстің екінші отырысы. Дәлелді себептермен айыпталушының адвокаттары соттың бірінші отырысына келе алмағаны себепті сот отырысы 2-ші қыркүйекке ауыстырылған. Естеріңізге салсақ, Е. Жовтис жүргізген көлік ЖКО-ға ұшырап, онда адам қаза болған.
Құқық қорғау органдарындағы кейбір дереккөздерінің айтуынша, бүгінгі сот отырысы Е. Жовтиске үкім шығарумен аяқталуы мүмкін.
Жақында Human Rights Watch: «Қазақстан билігі елдегі ең танымал құқық қорғаушы - Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтистің үстінен өтетін сот процесінің әділдігін қамтамасыз етулері керек», - деп мәлімдеді. Ұйымның бағалауынша, үкіметтің қарсыластарын қудалау оқиғалары мен Е. Жовтиске қатысты қылмыстық істің дамуы «саяси мақсатта пайдаланылуы мүмкін» деген алаңдаушылық тудырады.

Human Rights Watch ұйымының сот отырысы алдында таратқан үндеуінде «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы жақындап келе жатқанын ескеріп, Қазақстан билігінің әділ соттың толық стандарттарының сақталуын көрсеткені өте маңызды» екені атап көрсетіледі. «Билік қаза болған адамның отбасының осы қайғысын саяси мақсаттар үшін пайдалануға жол бермеуі тиіс»,- деп атап көрсетеді ұйым
Еске сала кетейік, Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис басқарған «Тойота Раннер» автокөлігінің қатысуымен болған, адам қазасына алып келген ЖКО 26 шілде күні 22 сағат 30 минутта Алматы облысының Ақдала елді мекенінің маңында Қараой-Алматы автожолының 131 шақырымында болған.
Оқиға орнында Алматы облысының тұрғыны 35 жастағы жаяу жүргінші қаза болды. ЖКА оқиғасы бойынша ҚР ҚК 296 б.2б (жолда жүру ережелерін бұзу және абайсыздықта адам өліміне алып келген көлік құралын басқаратын адамдардың көлік құралын пайдалануы) қылмыстық іс қозғалды.