Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2164 4 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 13:58

МАЭК-тегі апат: Президенттің сөгісі мәселені шеше ме?

Сурет: Әлеуметтік желіден алынды

Маңғыстауда 2-3 айдың ішінде қос апат орын алды. Әуелі 2 мамырда «Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында» (МАЭК) апат болып, екі энергоблок жұмысын тоқтатып, қала тұрғындары әлеуметтік желіде «ҚазАзот» кәсіпорны ауданын сары тұман басып кеткенін жазған еді.

Атом энерегетика компаниясында болған апаттан «ҚазАзот» зауытының жұмысы тоқтап, кәсіпорында өндірістің технологиялық режимі істен шыққан болатын.

3 шілде күні Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында апат орын алып, соның салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. Бұл туралы Қазақстанның мұнай және газ кеңесі хабарлама жасаған-тын. Өз кезегінде Энергетика министрлігі апатқа құрал-жабдықтардың әбден тозуы, кәсіпорын дұрыс қаржыландырылмайтыны себеп болғанын мойындады.

14 шілде күні Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) мен Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апатқа байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» басшысы мен энергетика вице-министріне сөгіс жариялады.

Атап айтсақ, мемлекет басшысы  энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке «батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін және «ҚазМұнайГаз» басшысы Мағзұм Мырзағалиевке «мұнай өңдеу зауытының қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын уақтылы қамтамасыз ете алмағаны» үшін, сөгіс беріп отыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478