Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
2539 0 пікір 15 Шілде, 2023 сағат 14:35

Үндістан «Чандраян-3» зымыранын айға ұшырды

Үндістан Айдың оңтүстік полюсіне зерттеуші роботты жеткізуге арналған «Чандраян-3» зымыранын сәтті ұшырды, деп хабарлайды  Euronews агенттігі. 

Сатиш Дхаван атындағы ғарыш орталығы бақылап отырған миссия 14 тәулікке созылады және оған 75 млн доллар жұмсалмақ.

Аппарат ай маңындағы орбитаға шығуы тиіс. 23-24 тамызға қарай Айға қонуы керек.

Әрі қарай зерттеу жабдықтарымен жабдықталған ай бетінде жүретін робот Жердің табиғи серігінің бетіне химиялық талдау жүргізеді.

Егер бәрі ойдағыдай өтсе, Үндістан Айға барған төрт елдің бірі болады (Ресей, АҚШ және Қытайдан кейін).

Бұл - үнді ғарышкерлерінің осындай үшінші миссиясы.

2019 жылғы талпыныс сәтті болмады. Айдың бетіне қонайын деп жатқанда зымыранның Жермен байланысы үзіліп кеткен.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 868
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1167