Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1415 0 пікір 15 Шілде, 2023 сағат 14:39

Димаштың бейнебаяны Чехияда көш бастап тұр

Чех музыкалық телеарнасы OCKO.TV Димаш пен Әбілмансұр Құдайбергеннің «Together» бейнебаянын ТОП-20 үздік музыкалық бейнелердің дауыс беру тізіміне енгізді. Бесінші апта қатарынан клип бірінші орында келеді, деп хабарлайды Dimashnews.com .

Чехиядағы алғашқы «ÓČKO» музыкалық телеарнасы 2002 жылдың 1 қазанында эфирге шыға бастады. Телебағдарламаның негізгі бөлігін отандық және шетелдік орындаушылардың бейнеклиптері құрайды. Сондай-ақ, арна эфирінде концерттер мен ән чарттары көрсетіледі.

Димаш Құдайберген алғаш рет Чехия телеарнасында 2021 жылдың 10 ақпанында өзінің «Golden» музыкалық бейнебаянымен таныстырылды.

Еске салсақ, биыл маусымның соңында Куала-Лумпурда танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Axiata Arena-да алғаш рет қазақ халық аспаптары ойнап, қазақ әндері шырқалған еді.

 

Abai.kz

0 пікір