Сенбі, 23 Қараша 2024
1571 4 пікір 18 Шілде, 2023 сағат 13:02

Путин: «Украина Қырым көпірі үшін жауап береді!»

Ресей президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен жиналыс өткізіп, Қырым көпірінде болған жарылысты теракт деп атап, бұл үшін Ресей жауап береді деді.  

Путин Қырым көпіріне жасалған шабуылды қатыгездік деп ғана атамай, бұл көпір әскери мақсатта бұрыннан бері пайдаланылмайтынын айтты.

Қырым мәселесі бойынша үкімет басшысының орынбасары Марат Хуснуллин көпірдің бір бөлігі толығымен бұзылғанын, қайта жөндеуге келмейтінін мәлімдеді. Ал екінші бөлігін қайта қалпына келтіріп, жеңіл көлік өткізуге болатынын жеткізді.

Ол 250 метр шақырымды құрайтын уақытша көпір салу жоспарда бар екенін айтты.

Қырым көпірі Краснодарский край мен Ресей басып алған Қырымды жалғайды. 17 маусымға қараған түні көпірге дронмен шабуыл жасалды.

Украиналық БАҚ-тың дереккөзіне сүйенсек, шабуыл украин армиясы тарапынан жасалған.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449