Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3039 0 пікір 2 Қыркүйек, 2009 сағат 17:54

Павлодарда ядролық сынақ құрбандарын еске алуға арналған көрме өтті

Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ядролық жарылыссыз өмір үшін - бейбітшілік маршы» атты Семей ядролық сынақ полигоны құрбандарын еске түсіруге арналған тақырыптық көрменің тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Көрмеде 1949 жылдың 29 тамызынан 1991 жылдың 29 тамызына дейін қырық жыл бойы жұмыс істеген Семей полигоны және осыдан 20 жыл бұрын құрылған «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысына қатысты тарихи құжаттар, баспасөз өнімдері, фотоматериалдар және Павлодар қаласындағы «Самал» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы тәрбиеленушілерінің  «Балалар - ядролық қарусыз болашаққа» атты тақырыптағы суреттері қойылған.

Көрмеде «Невада-Семей» қозғалысының ардагерлері, ядролық жарылыстардың куәгерлері мен зардап шегушілері, дәрігерлер сөз сөйледі. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы облыстық бөлімшесінің төрағасы Тоқболат Ысқақов, бөлімшені ұйымдастырушылардың бірі, ақын, журналист Арман Қани, қозғалыс ардагері, медицина ғылымдарының докторы Еркін Бейсенбаев және басқалар Семей ядролық сынақ полигонының зардаптары, мемлекет және қоғам қайраткері, әлемге әйгілі ақын Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен жүргізілген бейбіт күрес туралы айтып берді. Шараға арнайы келген «Самал» сауықтыру орталығындағы мүгедек балалар өздері шығарған өлеңдерін оқып, соғыссыз бейбіт өмірді қалайтынын мәлімдеді.

Ж. КАЛИЕВА

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364