Мусин: «Токионы артқа қалдырдық»
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астана қаласы интернет жылдамдығы бойынша халықаралық рейтингіде Токионы басып озғанын айтты.
Бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрге Астана қаласында интернет сапасының неге нашарлап кеткенін сұрады.
Бағдат Мусин халықтан шағым көп болғанымен, халықаралық рейтингіде Астананың көрсеткіші жақсара түскенін айтты.
«Speedtest» рейтингінің дерегіне сүйенейікші, бәріңіз оны қолданып жүрсіздер ғой. «Speedtest» халықаралық рейтингі Астананың 35 орынға жоғары шыққанын айтып отыр. Біз 35 қаланы басып оздық. Тіпті Токионы басып оздық. Бұл рейтингіні мен құрған жоқпын ғой», - деді министр.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz