Сенбі, 23 Қараша 2024
1739 0 пікір 25 Шілде, 2023 сағат 13:51

Мемлекеттік күзет енді Назарбаевты күзетпейді

Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сай  күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді.

Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президентінің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.

"Міндеттері – Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - делінген жаңа құжатта.

Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.

Еске салсақ, бұған дейін МКҚ-ден Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін алып тастау туралы құжат  қоғамдық талқылауға ұсынылып, кейін мақұлданды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364