Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
2140 5 пікір 26 Шілде, 2023 сағат 13:20

Өзбектердің саны 36 миллионнан асты

1 шілдедегі ресми мәлімет бойынша Өзбекстанда халық саны 36 млн 372 мың 300 адамға жеткен. Өзбекстанның статистика агенттігінің дәйегінше, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,2% көп.  

Ресми мәлімет бойынша, халықтың 18 млн 66 мыңы әйел, қалған 18 млн 306 мың 300-і ер адам.

Олардың 18 млн 557 мың 500-і ауылда, қалған 17 млн 815 мың 800-і қалада тұрады.

Өзбекстан Орталық Азиядағы халқы тығыз орналасқан ел. Әлем бойынша халық көптігі жағынан 41-орында.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

5 пікір