Жұма, 22 Қараша 2024
1598 0 пікір 27 Шілде, 2023 сағат 13:43

Ресей-Иран дрондары соғысқа қалай әсер етеді?

TOPSHOT - A drone approaches for an attack in Kyiv on October 17, 2022, amid the Russian invasion of Ukraine. (Photo by Yasuyoshi CHIBA / AFP) (Photo by YASUYOSHI CHIBA/AFP via Getty Images)

АҚШ барлаушылары Ресей зауыттарында Иранның көмегімен дрондар өндіріп жатқанын, бұл жағдай Украинадағы соғысқа елеулі әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

CNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ қорғаныс министрлігі барлау басқармасындағы сарапшылар салынып жатқан дрон зауыты Ресейді ұшқышсыз ұшақтармен қамтамасыз етеді деп есептейді. Бұл қор Ираннан сатып алынуы мүмкін дрондардан "әлдеқайда көп" болады.

Нысан аяқталып, 2024 жылдың басында жаңа дрондар пайда болған уақытта бұл жағдай жанжалға елеулі түрде әсер етеді деп ескертті сарапшылар.

Барлаушылар Иран Ресейге нысан құрылысы үшін көмек көрсетіп отыр дейді. Қазіргі таңда Иран Ресейге 400-ден астам Shahed 131, 136 және Mohajer дрондарын берген, алайда Ресей олардың бәрін қолданып үлгерген.

Ресей Украинадағы маңызды инфрақұрылымдарды жоюда, әуе қорғаныс күшін әлсіретуге дрондарды жиі қолданып жүр.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320