Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
2402 2 пікір 27 Шілде, 2023 сағат 13:59

Астанада терроризмге қарсы «жоспарлы» жаттығу өтеді

Астанада 27-28 шілдеде терроризмге қарсы «жоспарлы» жаттығу өтеді.
Терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың сипаттауынша жаттығулар «шынайы ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған».

«Жоспарлы» жаттығу жөнінде ақпаратты 27 шілдеде таңертең жергілікті ақпарат агенттіктері таратты. Жаттығуға байланысты кейбір жерлерде жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы шектеледі.

Жаттығу қаланың нақты қай бөлігінде өтетіні айтылмайды. Жаттығудың мақсаты «құқық қорғау және арнайы органдардың лаңкестіктерге шұғыл әрекет ету бойынша дайындығын тексеру» деп жазылған ресми хабарламада.

Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері Астана тұрғындарын жаттығуға түсіністікпен қарауға, оған тартылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, сенімді дереккөздерге ғана сүйенуге шақырды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz 

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 765
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1064