Онда кедейшіліктің деңгейі ең жоғары аймақ ретінде Қарақалпақстан (19,7%) көрсетілген. Одан кейін Сырдария (19,5%) және Хорезм (19,1%) облыстары орналасқан. Ең төменгі көрсеткіш Ташкент қаласы (8,5%) мен Навои облысында (9,2%) тіркелген.
Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларындағы мәліметке сәйкес, Өзбекстанда 1 миллион 307,8 мың тұрмысы төмен отбасы бар. Елдегі кедейшілік деңгейі 14,1% құрайды (былтыр 17% болған).
"Жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 12% түсіруге және 130 мың отбасыны (1 миллион киши) кедейшіліктен шығару жоспарлануда",- деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.
Биыл қаңтарда Өзбекстандағы 208 қала және аудан іскерлік үшін құрылған шарттар бойынша бес категорияға бөлінген.