Жұма, 22 Қараша 2024
1852 0 пікір 28 Шілде, 2023 сағат 14:53

Елімізге қанша медицина маманы жетіспейді?

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында медицина кадрларына тапшылық 8 836 маманды құрады. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

«2023 жылдың бірінші жартыжылдығында медицина кадрларына тапшылық 8 836 штаттық бірлікті (дәрігерлер – 4 619, орта медициналық қызметкерлер – 4 216) құрады. Тапшылық 31 пайызға (дәрігерлер бойынша – 27, орта медицина қызметкерлері бойынша – 36) төмендеді», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Осы орайда ведомство медициналық кадрлар тапшылығы Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласында төмендегенін атап өтеді. Дегенмен, анестезиолог-реаниматолог (233 маман қажет), акушер-гинеколог (268), жалпы тәжірибе дәрігері (392), сәулелік диагностика дәрігері (230) сынды клиникалық бейіндегі мамандар тапшылығы жоғары болып тұр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313