Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
2047 0 пікір 29 Шілде, 2023 сағат 13:53

АҚШ күзде Украинаға танктер жеткізеді

АҚШ "Абрамс" танктерін Украинаға қыркүйекте жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Politico дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Журнал мәліметінше, тамызда бірнеше танк Германияға жеткізіледі. Сол жерде әскери техника жетілдіріледі. Одан соң алғашқы партия Киевке тапсырылады.

АҚШ Германияға "Абрамс" танктерінің ескі моделін (M1A1) жөнелтеді. Танктің жаңа түрін (A2) жеткізуге ұзақ уақыт қажет деп жазды Politico.

Мәліметтерге қарағанда, алғашқы партияда алты-сегіз танк болады. АҚШ Украинаға барлығы 31 танк беруді көздеп отыр. Олар бір украин танк батальонын құрайды.

Украин жауынгерлері Германияда он апта оқуда болады. Олар оқуды тамызда бітіреді деп жоспарланған.

Украина ұазір қарымта шабуылға немістің "Леопард" танктерін қолданып жүр. Оларды еуропалық елдер берген. Украин армиясында ағылшындардың "Челленджер" танктері де бар, бірақ әскери техниканың бұл түрі майданда әзірге көзге түскен жоқ.

 

Abai.kz

0 пікір