Бұл мәселені зерттейтін ғылым жоқ, не ғылыми институт жоқ.
Камал Ормантаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик:
– Камал аға, сіз бауыр еті – баланың жанын түсінетін педиатрлардың атасысыз. Үнемі айтудай-ақ айтып келесіз. Бірақ осы шырылыңыздан нәтиже көрдіңіз бе? Шаршаған жоқсыз ба?
– 1-маусым дүниежүзілік балаларды қорғау күні әлемде 1950 жылдан бері аталып өтіледі. Балалар – болашағымыз дейміз ғой. Өмірге келген балаларға алдымен анасы жауапты. Сосын үкімет көңіл бөлуі тиіс. Елбасы Н.Назарбаев егемендіктің жиырма жылдығында: «Біздің жетістіктеріміз көп, кемшіліктеріміз де аз емес» деген еді. 2010 жылы «Егемен Қазақстан» газетіне балалардың денсаулығына қатысты үлкен мақала жаздым. Сонда академик досым Салық Зиманов маған хабарласып: «Біраз статистикалық деректерді келтіріпсің. Сенің мақалаң арқылы балалардың жағдайының төмен екендігіне қанықтым. Денсаулық сақтау министрлігінен біреу-міреу хабарласты ма?» деп ағынан жарылды. Шынын айтсам, ешкімнің оқығанын сезгем жоқ. Билік басындағылар газет оқымай ма? Әйтпесе, қазақ газеттері түрлі ұлттық, әлеуметтік мәселелерді көтеріп жатыр. Мәу дейтін адам жоқ. Кейде үкіметке қарата айтудың да, жазудың да қажеті шамалы сияқты. Бірақ академик деген дардай атым бар. Өмірдің базарынан кетіп бара жатқан адаммын. Балалардың болашағына алаңдаймын. Айту маған парыз. Бірақ оны тыңдайтын адам болса, әрине.
Камал Ормантаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик:
– Камал аға, сіз бауыр еті – баланың жанын түсінетін педиатрлардың атасысыз. Үнемі айтудай-ақ айтып келесіз. Бірақ осы шырылыңыздан нәтиже көрдіңіз бе? Шаршаған жоқсыз ба?
– 1-маусым дүниежүзілік балаларды қорғау күні әлемде 1950 жылдан бері аталып өтіледі. Балалар – болашағымыз дейміз ғой. Өмірге келген балаларға алдымен анасы жауапты. Сосын үкімет көңіл бөлуі тиіс. Елбасы Н.Назарбаев егемендіктің жиырма жылдығында: «Біздің жетістіктеріміз көп, кемшіліктеріміз де аз емес» деген еді. 2010 жылы «Егемен Қазақстан» газетіне балалардың денсаулығына қатысты үлкен мақала жаздым. Сонда академик досым Салық Зиманов маған хабарласып: «Біраз статистикалық деректерді келтіріпсің. Сенің мақалаң арқылы балалардың жағдайының төмен екендігіне қанықтым. Денсаулық сақтау министрлігінен біреу-міреу хабарласты ма?» деп ағынан жарылды. Шынын айтсам, ешкімнің оқығанын сезгем жоқ. Билік басындағылар газет оқымай ма? Әйтпесе, қазақ газеттері түрлі ұлттық, әлеуметтік мәселелерді көтеріп жатыр. Мәу дейтін адам жоқ. Кейде үкіметке қарата айтудың да, жазудың да қажеті шамалы сияқты. Бірақ академик деген дардай атым бар. Өмірдің базарынан кетіп бара жатқан адаммын. Балалардың болашағына алаңдаймын. Айту маған парыз. Бірақ оны тыңдайтын адам болса, әрине.
– Бүгінде ана мен баланың денсаулығы мәз емес. Алайда, ресми статистика өлім-жітімнің төмендегенін айтады. Сіздіңше қалай?
– Баланы ата-анадан артық жақсы көретін жан жоқ. Әсіресе, ана баласымен туғаннан бастап бірге. Ана бала десе жанын беруге әзір. Ананың денсаулығы төмен. Елде, қалада тұратын аналардың 85 пайызы анемияға шалдыққан. Бұл іштегі баланың өсіп-өнуін тежейді. Соның әсерінен балалардың 40 пайызы салмағы аз, шала туылады. Бұл мәселе мені қатты қиналдырады, ойландырады. Ол ол ма, балалар арасында миға қан құйылу ауруы (инсульт) асқынып барады. Мысалы, он жылдай бұрын 4-5 айлық нәрестелердің арасында сирек кездесетін бұл ауру бойынша 7-8 бала түсетін. Былтыр 95 бала түсті. 1 жасқа дейін қайтыс болатын балаларды «балалар өлімі» деп атайды. Солардың саны Ресей, Украинамен салыстырғанда 2 есе, Белоруссиямен салыстырғанда 3 есе артық екен. Соның себебіне үңілген жан бар ма? Балалардың денсаулығы төмен дегенге келтіретін деректерім де жетерлік. Мысалы, 2004 жылы үш жасқа дейін кемтар балалар саны 3 мың 351 болса, 2012 жылы 6 мың 134 балаға артқан. Екі есе көп. Жаңа туған балалардың өлімі 1000 балаға есептегенде Қазақстанда 15, Ресейде 9-10, Украинада 7-8, Белоруссияда 5. Бала өлімі Белоруссияда төмен. Бұл дамыған мемлекеттер көрсеткішіне жақын. Осыны көріп, біліп отырған мемлекет неге шара қолданбайды?
– Не себептен өсіп кетті? Бұған арнайы зерттеу жасалмай ма?
– Мәселе, осында. Бұл мәселені зерттейтін ғылым жоқ, не ғылыми институт жоқ. Ғылым академиясын үкімет басындағылардың өздері жапты. ТМД елдерінің арасында Қазақстанда ғана жоқ. Қазір ешқандай пәрмені жоқ жәй ғана қоғамдық ұйымның бірі. Жақында Ғылым академиясына мүшелікке өткізу жөніндегі жиында корреспондент-мүше болғысы келетіндердің қарасының көптігін байқадым. Бірақ атқарған еңбегі шамалы. Ғылым докторы атағына ие болғандардың өзі әлі күнге ғылыми мектебін құрмағандар. Соған қарамастан ғылымға қатысы жоқ адамдар ғылыми атақ алып, академияға мүшелікке өтуде. Ғылым болмаған кезде медицина да дамымайды. Ал ғылымның абыройын тек нағыз ғалымдар көтереді. Мемлекеттік гранттарды нағыз ғылыммен айналысатын мамандарға бөлу керек. Екі-үш жыл болды, кандидаттық, докторлық қорғауды алып тастап, PhD жүйесін енгізді. Олар PhD докторы аталғанымен, білім деңгейі ғылым кандидаттарынан да төмен. Сондықтан бұрынғы жүйені қайта қалыптастыру керек. Дәрігерлер ғылымға талпынбай отыр. Әйтеуір шетелде оқып келген он шақты маманды күндіз-түні насихаттап жатады. Кейде шәкірттеріме: «Ғылыммен айналысасыңдар ма?» десем, үндемейді. Айлығы төмен, тек отбасын асырауды ғана ойлайды. Өзім кезінде пәтер жалдап жүріп-ақ, ғылымға талпындым. Жақында Білім және ғылым министрлігіне арнайы хат жазып, балалар миына қан құйылу дертіне байланысты зерттеу жүргізуге жылына 60 млн. теңге бөлуін сұрадық. 20-25 маман осы мәселеге жұмылып, ғылыми зерттеу жүргізетін едік. Бірақ жым-жырт. Бұл бізге ғана қатысты мәселе сияқты.
– Үкімет ауылдың тұрмысын жақсы біледі. Соған қарамастан, жұмыссыздық мәселесі шешімін тауып келеді деген пікірде. Осы рас па?
– Елдегі халықтың жағдайы төмен. Туған жерім Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына жиі барып тұрамын. Жағдайларын көріп, көңілім құлазып қайтады. Тамақ таба алмай отырған отбасы бала туып қайтсін?! Қазір үкімет жұмыссыздық 5 пайыз деп айтудан танар емес. Бұл өтірік. Тек жері құнарлы облыс жұрты егінмен күн көретін шығар. Ал, шындығында, ауылды аралаған жан болса, халықтың 25-30 пайызының екі қолға бір күрек таба алмай жүргеніне күә болады. Оңтүстік Қазақстан, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік-шығыс Қазақстан аймақтарындағы халықтың 80-85 пайызы қазақтар. Сол ауылда тұратын қалың қазақтың тұрмысы нашар. Бір сиыры мен оншақты қойы, тауығы болса, «өзін-өзі асырайды» деген қате ұғым қоғамға еніп кетті. Ал баласын оқыту үшін сүтін ішіп отырған сиырын сатады амалсыз. Егер отбасының оқу жасындағы 3-4 баласы болса ше? Сосын аш адам не істемейді? Ұрлыққа барады, біреуді өлтіреді. Қылмыс осыдан көбейіп отыр. Құдай сақтасын, қазір баласын сатып, ақша тапқысы келетін аналар пайда болды. Бұл қазақтың үш ұйқтаса түсіне кірмеген ұятты жағдай.
– Бұл қоғамның азғынданып бара жатқандығын көрсетпей ме?
– Барлық мәселе саясатқа келіп тіреледі. Жастар жағы тозып барады. Балалардың тәрбиесі нашар. Білім алуға ұмтылмайды. Бұрын комсомол, партия деген болды. Аудандық комитеттің бірінші хатшысы үй салды деген ақпарат газетке шықса, партиядан шығарылатын. Міне, бұл тәртіптің арқасы. Сол кезде әділеттілік болды. Халықтың тұрмыс жағдайы бірдей еді. Бүгінгідей өте бай адамдар болған жоқ.
– Қоғам тапқа бөлініп кетті ғой. Сіз өзіңізді қай тапқа жатқызасыз?
– Біз орта жағдайдағы адамбыз. Академик деген атымыз бар. Тамағымыз тоқ. Төменгі тапта әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар көп. Бұрын бәрі бірдей болатын. Орталық комитетте істейтіндердің өзі ақша жеуге қорқатын. Елді басқарған Дінмұхамед Қонаевтың өзі іні-қарындастарының біреуін лауазымды қызметке қойған жоқ. Ал қазір ше? Облысқа жаңа әкім тағайындалса, бүкіл командасымен келеді. Оның туыстарының біреуі нашар тұрмайды. Кейбіреулер асханада отырып «Кеңес үкіметін сағындық қой» дейді. Өйткені, шындық бар еді. Қазір халықтың пікірі зиялы қауым жоқ дегенге саяды. Өзім зиялы деп Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановты айтар едім. Сол кезде Алаш азаматтары бір мүддеге жұмыс істеп, қазақ мемлекетін құру үшін жанын беруге дайын болды. Бала-шағасы «халық жауының баласы» деп қудаланып, зорлық-зомбылық көретінін сезсе де, өз өмірін халық үшін құрбан етті. Әлиханның Семейде қамалда айтқан сөзін оқып едім. «Сені атайын деп жатыр, ұрлап алып кетейік» деген жақтастарына: «Мені ұрласаңдар, сендердің барлығыңды тірі қоймайды. Одан да, мен өлуге дайынмын» деген екен. Қазір бір басшыға «халық үшін, ел үшін өлуге дайынсың ба?» деп айтып көрші? Ешкім де бас көтермейді. Олардың ұлт үшін істеген қызметін ескеріп, арнайы комиссия құрып, еліміздегі қалалардың біріне атын берсе. Ол «Әлихан Бөлкейханов» атындағы қала бола ма, әлде «Алашорда» атала ма, бәрібір, ең бастысы – ел үшін туған ерлердің атын ұрпақ жадында мәңгі сақтау. Осы ұсынысымды жоғары жақтағы лауазымды тұлғалар құлақтарына ілсе деген тілегім бар. Қазір кейбір шенеуніктер мемлекеттің ақшасын ұрлап, шетелге қашып кетіп жатыр. Қоғамның өзі тозып барады. Көптеген зиялы қауым өкілдерімен араласамын. Олар ресми түрде айтудан қорқады.
– Мүйізі қарағайдай зиялы қауым өкілдері халықтың жанынан неге табылмайды? Неден қорқады?
– Кез келген өзекті мәселелер жөнінде Дулат Исабеков әр жерде айтып жүр. Талай жылдан бері «тіл» деп шырылдап жүрген Мұхтар Шахановқа деген құрметім ерекше. Қазір әркім өз қамын күйттейді, бала-шағасының болашағын ойлайтын заман. 1998 жылы 74 адам болып «Не могу молчать» деп Президенттің атына хат жаздық. Онда халықтың әлеуметтік тұрмысы, қазақ тілінің жағдайын көтердік. Сол кезде қол қойған бес-алты адам «түсінбей қалыппыз» деп даусын қайта алды. Біразына қысым жасалыпты дейді. Белгілі бір ғалымның баласы бизнеспен айналысатын көрінеді. Соған салықтық комиссия жіберген екен. Сонда әйелі күйеуіне: «Баламды қудаласа, сенің саяатыңның түкке де керегі жоқ» депті. Міне, осылай аяғын тартатындар шыға береді. Себебі, қартайғанда өлімімді дұрыс атқарып, дұрыс шығарып салмайды дейтін болу керек. Екінші, балалары үкіметке жақын жерде жұмыс істейді. Қызмет барысында аяқтан шалады деп ойлайды. Сондай бақай есептер бар ғой.
Abai.kz