Әуезов пен әуейілік
Бұл жолғы суреттерді фотосюжет дегеннен гөрі фотоайып айдарымен берген жөн болар еді. Ұлы классик Мұхтар Омарханұлының атын иелеген Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры.... сонау 1925 жылы отауын тіккен өнер ошағында И.Байзақов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков, Қ.Бадыров, Ж.Шанин секілді нағыз талант иелері, қасиет қонған майталмандар қызмет етті емес пе? Ең асқақ адами қасиеттерге баулитын классикалық спектакльдердің шымылдығы осында ашылды емес пе? Сол құтты мекеннің табалдырығында қазір сайтани сайттың жарнамасы тұр. Алматының тәулігіне 500 долларды жамбасына басатын ұзынсирақ жезөкшелерінің (дөрекі айтылса, кешірерсіздер!) тұтас каталогы тұратын веб-сайтты енді алысқа бармай-ақ, «Әкемтеатр» табалдырығынан таба аласыз. Сұмдық па, сұмдық! Осы арқылы бұл сайтқа тағы да тегін жарнама жасап жібергендей болдық па, өзі? Өкінішке орай, жаһантордың жемсауын сығып алатын заңымыз осындай сайттарға келгенде әлі де солқылдақтық танытып тұр.
Суретті түсірген Ө.Кенжебек