Жұма, 22 Қараша 2024
1554 1 пікір 31 Шілде, 2023 сағат 12:39

Министрлік: Жыл соңына дейін 11 мыңнан астам электромобиль әкелуге мүмкіндік бар

Бүгінгі таңда ҚР аумағына кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 3442 электромобиль әкелінді. Яғни, 2023 жылдың соңына дейін осылай тағы 11558 электромобиль әкелуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобильдерге бажсыз әкелу мүмкіндігі берілген болатын. ЕЭК шешіміне сәйкес 2023 жылы электромобильдерді жеңілдікпен әкелуге берілген рұқсат 15 мың электромобиль бірлігін құрайды.

Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту туралы мәселе қаралып жатқанын атап өту маңызды.
Алайда, жоғарыда аталған үлес шеңберінде кедендік баж салығын төлеуден босатып, бірақ ҚҚС төлей отырып, электромобильді әкелудің басқа мүмкіндігі бар екенін ескеру маңызды. Бұл жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымының ставкалары бойынша тауарларға декларация тапсыру қажет.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320