Бейсенбі, 3 Сәуір 2025
1691 6 пікір 1 Тамыз, 2023 сағат 12:44

Қазақстан Талибан үкіметін мойындай ма?

Қазақстан - Ауғанстан бизнес-форумы Астананың "Талибан" үкіметіне ұстанымы өзгергенін білдірмейді. 31 шілдеде Қазақстан - Ауғанстан бизнес-форумын өткізуге арналған баспасөз конференциясы кезінде сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш осылай мәлімдеді.

Министрлік ақпаратынша, 3-5 тамызда Астанада Қазақстан-Ауған бизнес-форумы өтіп, ауған тауарларының көрмесі болады. Көрмеге Ауғанстаннан 70-ке жуық компания, 150-ден астам кәсіпкер қатысады.

Ақпаратқа қарағанда, форум барысында сауда және интеграция министрлігі, "Қазақэкспорт" компаниясы, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның логистикалық компанияларыны басшылары мен ауған делагациясы арасында келіссөздер өтеді.

Биыл көктемде Қазақстан үкіметі Ауғанстанмен сауда-экономикалық қатынасты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеген. Астана "Талибан" үкіметінің дипломаттарына елшілік ғимаратын беруге келіскен. Алайда мұны Астана "Талибан үкіметін мойындау емес" деп ақталған.

"Талибан" қозғалысы Қазақстанда сот шешімімен террор ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 936
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3277
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2270