Қапшағай шақырады....
Бұл су айдынының табиғат-ананың сыйлығы емес, Сіз бен біз секілді мыңдаған адамның маңдайынан құйылған тердің, білек күшінің нәтижесінде пайда болғанын білеміз. Кеңес өкіметінің қылышынан қан сорғалап тұрған уақытында Іле өзенінің бойынан су-электр стансасын салу - заман талабы болатын. Бұл станса, онымен бірге жасанды тұйықталған суқойма 1970 жылы дайын болды. Осы кезден бастап-ақ ұзындығы 180 шақырым, ең еңді жері 22 шақырым болатын су айдыны іргесіндегі Алматы қаласы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Жаздыгүні Алматы-Қапшағай трассасы ағылған көлікке, ал суқойма жағасы күнге қыздырынып, суға шомылған, қармағын асынған адамдарға лықа тола. Сонымен бірге, бұл аймақты «қазақ Лас-Вегасына» айналдыру жобасы да жайлап болсын, жүзеге асып келе жатыр.