Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1238 0 пікір 3 Тамыз, 2023 сағат 13:09

Қазақстан ауған студенттеріне грант бөледі

Биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөлуге дайын. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

«Қазақстан ауған студенттерін оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға дайын. Биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөледі», - деді С. Жұманғарин.

Оның айтуынша, Қазақстанда 450-ден астам ауған студенті оқып жатыр.

«Қазақстан ауған халқына материалдық және гуманитарлық қолдау көрсете отырып, Ауғанстан үшін гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса бермек», - деді министр.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір